Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет23/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   369
Эрих Ауэрбах
: «Жиһан кезіп оралған Одиссейді бұрын күтушісі болған қарт қызметші


Евриклея жамбасындағы тыртығынан танитын, сəтті дайындалған 19-жырдағы көңіл
толқытарлық көрініс «Одиссея» оқырмандарының жадында сақталып қалады. «Тыртық» сөзіне
(393-өлең) алғашқыда
 
анықтауыш бағыныңқылы
 
сөйлем (ертеректе оған қабан…) қосылады; бұл
сөйлем көлемді синтаксистік құрылымға ұштасады; оның ішіне кенеттен басыңқы сөйлем енеді
(396-өлең; «оған соншалықты дарын сыйлады»); бұл сөйлем өзінің синтаксистік құрсауынан
жайлап босанып шығып, ақырында 399-өлеңде синтаксистік тұрғыдан алдыңғыға ешқандай да
тəуелді емес, мүлдем жаңа мазмұн пайда болады жəне осы мазмұн жеке билікке ие болу арқылы
бұл оқиғаның шынайылығын бекемдеп, алдыңғы үзіліп қалған əңгімеден 467-өлеңге дейін
(«Кемпір бұл тыртықты тізесіне қолын тигізген кезде білді…») жалғасады. Біз қарастырып
отырған мұндай ұзақ эпизодты негізгі тақырыппен синтаксистік байланыстыру мүмкін болар ма
еді, егер алдағы оқиға желісі 
(content) 
осы мақсатпен сабақтаса өріліп жатса; яғни тыртықпен
байланысты бүкіл хикая нақ осы сəтте Одиссейдің жадын оятарлықтай, естелік түрінде
баяндалған жағдайда мүмкін болар еді; Оны суреттеу аса қиын болмас та еді: «тыртық» сөзін
бірінші рет еске алғанда-ақ, «Одиссей» мен «еске алу» сарыны бар екі өлеңді алға қойса болғаны.
Алайда кез келген мұндай алдыңғы план мен оқиғаның əлқиссасын құрайтын субъективті-
перспективті
 
əрекет арқылы өткеннің тереңінен тамыр тартатын
 
осы шақ гомерлік стильге
мүлдем жат; гомерлік стиль тек
 
бірсарынды
 
баяндалған, əрқашан біркелкі объективті алдыңғы
планнан көрінеді».
ХХ ғасырдың орта кезеңінде əдебиет теориясындағы ең ауқымды жоба –
канадалық теоретик Нортроп Фрайдің «Aнатомия» 
(Anatomy)
атты еңбегі
деуге болады. Фрай əдебиет жанрларын маусымдық кезеңнен кейінгі
циклдің бөліктері жəне діни өмірдің циклдары ретінде қарастырды.
Ницшенің қайта жаңаруы 1960 жылдары Францияда Жил Делөз бен Жак
Деррида сияқты ойшылдардың структурализмнің ғылыми қағидаларынан
бас тартқан теорияларын қалыптастыруына себепкер болды. Соссюр тілдің
əрбір элементіндегі сəйкестілік басқа элементтерден айырмашылығына
байланысты қалыптасатынын анықтады. Бұл түсінік болмыстың өзге бір,
білуге мүмкін болмаған беймəлім əлемі болатыны туралы мүмкіндікті
ашты. Онда əдеттегідей қарапайым білімнің көмегімен олардың қарым-
қатынастарына емес, заттарға немесе нысандарға назар аударылады. Егер
бұл екі заттың «арасындағы» əлдене болса, олардың «ерекшелігін» қалай
білуге болады?
 
Бұл заттарда «сəйкестік» немесе «меншіктік» ортақтық
болса немесе олар «аралықтағы», əртүрлі қарым-қатынастағы басқа
бірдеңеге өздігінен тəуелді болса ше? Қандай да бір білу мен
 
тануға
болатын болмыс жөнінде білген үстіне біле беруге болады. Сондай-ақ
адамдардың моральдық-нормативтік ережелері
 
үшін өздерінің ақыл-
ойларын заттар мен идеялардың шынайылығын оңай анықтауға мүмкіндік
беретіндей болжамдар жасалды. Шындығында, бұл нормативтік қағидалар
құмдай сусымалы, тиянақсыз болса, бəлкім, олар шындықтан гөрі өз
еріктерін өзгелерге таңып, олардың еркі шынайы идеялардың
 
əмбебап
тəртібін білдіретіндей сыңай танытатын биліктегі экономикалық жəне


саяси топтардың əрекетімен, əлеуметтік өкімет тəртібімен ортақ мəмілеге
келген болар еді.
Марксистер бұл жаңа «постмодернизмді» капитализмнің нышаны ретінде
айыптады. Консерваторлар ақиқат пен өркениетке зиян келтіреді деп
мəлімдеді (бұл өте күлкілі болатын).
 
Бірақ «постмодернизм» дейтін ағым
да кейбір жемісті жаңа əдеби теорияларды тудырды, олардың кейбіреулері
құрдымға кетіп, қайсыбірі тегеурінді төзімділік танытты.
Делөз əдебиеттің (немесе философияның) мəні ақылға қонымдылығынан
немесе қонымсыздығынан туындайтынын көрсетті. Сондықтан оны
мəдениеттің 
артықшылығы 
ретінде 
таңдау 
білімнің 
ережесінің
ерекшелігіне, семантикалық мүмкіндіктерді алып тастауға,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет