Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет157/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

аңшылықтың шегінен шығу
, яғни адамзаттың
тамақтануы үшін жануарларға емес, адамдарға аңшылық жасау ретінде
пайда болады.)
Кейбір орталық жəне шығыс пуэблода бəрі керісінше. Олар аңшылық пен
егін егудің (Жабайы Əкей жинаған алғашқы жүгері бұғының тұқыл
тұяғынан түскен) бірегейлігін анықтаудан басталады һəм өмір сияқты
өлімді де осы орталық түсініктен шығарып алуға тырысады. Содан кейін
батыс топтағылар сияқты қайталанатын қарапайым əрі аралық соңғы
терминдердің орнына, шеткі терминдер қайталанады (яғни, шығыс
пуэблоның апалы-сіңлілі қос қызы). Ал қарапайым аралық термин екі
мағыналы атрибутқа ие болып, алға шығады (мысалы, Зиядағы Пошайанн
(
Poshaiyanne
). Демек бұл «құтқарушының» атрибуттары уақытша
қатардағы орнынан шығуы мүмкін; басында жақсы (Зуни, Кушиң),
ортасында екі мағыналы (орталық пуэбло), соңында жаман (Зия). Бірақ
Бунцельде алдындағы қатарда көрсетілгендей, кері жүреді.
Осындай құрылымдық талдауды жүйелі түрде пайдалану арқылы
мифтердің барлық белгілі нұсқаларын өзара алмасатын жеке бір топқа
жинақтауға болады. Топтың екі жағындағы ең алыс орналасқан екі топ, бір-
біріне қатысты төңкеріліп орналасқан болса да, симметриялы болады.
Біздің əдістің артықшылығы – бұрын бейберекет болған нəрсені ретке
келтіру ғана емес. Бұл сондай-ақ бізге мифтік ойдың негізінде жатқан
негізгі логикалық процестердің кейбіреулерін қабылдауға мүмкіндік
береді.
8
Негізгі үш процесті бөліп көрсету керек.
Америка мифологиясындағы əзəзіл
 
– əлі де дау тудыратын кейіпкер.
Неліктен бүкіл Солтүстік Америкада оның рөлі койот немесе қарға
бейнесінде көрініс табады? Егер мифтік ойдың əрқашан қарама-
қарсылықты түсінуден оны шешу жолына дейін дамитынын есепке алсақ,
онда бұл таңдаудың себебі айқынырақ болады. Бір-біріне қарама-қарсы екі
терминнің 
бір-бірін 
байланыстырмай, 
қашанда 
үшіншісін
байланыстырушы ретінде ұсынатын, мағынасы əртүрлі екі терминмен орын


алмастыру үрдісі бар деп болжам жасау жеткілікті. Содан кейін полярлы
терминдердің бірі байланыстырушы жаңа үштікпен орын алмастырады, əрі
қарай 
да 
солай 
кете 
береді. 
Ендеше, 
төмендегі 
кестедегідей
байланыстырушы құрылымды аламыз:
БАСТАПҚЫ ЖҰП БІРІНШІ ҮШТІК
ЕКІНШІ ҮШТІК
Өмір
Ауылшаруашылық
Өсімдікпен қоректенетін жануарлар
Өлексемен қоректенетін жануарлар (қарға, койот)
Аңшылық
Жабайы жануарлар
Соғыс
Өлім
Бұдан шығатын дəлел: өлексемен қоректенетін жануарлар жабайы
жануарларға ұқсайды (олар да жануарлармен қоректенеді), бірақ олар
сонымен қатар өсімдіктермен қоректенушілерге де ұқсап қалады (олар
жейтін нəрселерін өздері өлтірмейді). Басқаша айтсақ, пуэбло стилі (пуэбло
халқы үшін аңшылықтан гөрі ауыл шаруашылығы «маңыздырақ»)
бойынша қарғалар бақшаға, жабайы жануарлар өсімдікпен қоректенетін
жануарларға керек. Бірақ өсімдікпен қоректенетін жануарлар жинаушылар
мен бағбандарға (өсімдіктермен қоректенуші) ұқсайды деген байламнан
кейін, байланыстырушы ретінде (кестедегі) бірінші алға шығуы мүмкін.
Бірақ олар өздері аңшы болмаса да, азық ретінде жануарларды да
пайдалануы ғажап емес. Сөйтіп, біз əрбір мүшесі қарама-қарсылық пен
өзара байланыстың екілік процесінен туындайтын бірінші қатардағы,
екінші қатардағы тағы басқа қатарлардағы байланыстырушыларға ие
боламыз.
Процестің мұндай түрін мəліметтерді келесі жиынтық түрінде көрсете
алатын Дала мифологиясына пайдалануға болады:
Жер мен аспан арасын сəтсіз байланыстырушы
(Жұлдыз – ер адамның əйелі)
Байланыстырушылардың гетерогенді жұбы(əже мен немере)
Байланыстырушылардың жартылай гомогенді жұбы


(Асыранды бала мен тастанды бала)
Пуэблоның (Зуни) арасында осыған сəйкес жинақтар бар:
Жер мен аспан арасындағы сəтті байланыстырушы(Пошайанки
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет