Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет202/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
Телебағдарлама туралы бір нұсқаулықта «өз мақсаттарыңызды
ұмытпаңыз. Оларды тоңазытқыш ішінен шығарып алу үшін» деп
көрсетілген.
32
 
Бұл – жазушылардың ең əсерлі түрткілерін перде кезеңіне
сақтайтынын білдіретін стандарт. Сондай-ақ бас кейіпкер реакциясының
кадрға түсуі де дəстүрлі жағдай, яғни кейіпкер психологиясына
қызығушылығымызды арттыратын классикалық телехикая тəсілі.
Актілердің мұндай құрылымы – коммерциялық жəне эстетикалық
функциялардың өзара əрекеті – телевизиялық баяндау сарынының тағы бір
жарқын мысалы. Əңгімелеуді əр он бес минут сайын үзіп, теңдей төрт
бөлікке бөлудің ешқандай табиғи заңдылығы жоқ. Бұлай бөлу əртүрлі
мүдделерге қызмет етеді. Мəселен, эфир уақытындағы тұрақты
жарнамалық хабарландыру аралықтарының (интервал) экономикалық


мүддесін соңғы орынға қоюға болмайды. Эстетикалық тұрғыдан, төрт
актілі құрылым пропорция жəне симметрия ұғымын береді. Ол бір актіден
екінші актіге ауысқан сайын күшейе түсетін əрекетке қозғау салады жəне
көрермен назарын аударып, күту модельдерін тудыруға қызмет етеді. Бұған
қоса, бірінші актіде ашылатын себеп-салдарлы тізбек екінші акт арқылы
өтіп, төртінші актіде (кем дегенде, жартылай) шешімін табады.
Мысалы, бірінші актідегі сот процесінде істі қарайды, төртінші актіде
үкім шығаруы мүмкін. Баффи 1-актіде Саннидейлге қауіп төндіреді жəне 4-
əрекетте қатерді сейілтеді. Отбасылық өмірге көп көңіл бөлетін драмаларда
əлі күнге дейін маңызды мəселелер 1-актіде көтеріледі. Мəселен,
«Көпшілік алдында сүндеттеу» (
Prelude to a Bris
) сериалының (АВС
телеарнасында (1987–1991 жылдарда көрсетілген) отыз бірдеңесінші
(
thirtysomething
) (1990 жылғы 29 қыркүйек) эпизоды секілді. Онда Хоуп
пен Майклдың ұлы Лео өмірге келген кезде, оның сүндеттелуіне қатысты
шешім қабылдануы тиіс. Ал Майкл өзінің еврей екені маңызды ма, əлде
олай емес пе деген мəселені шешуі қажет еді. Мұндағы 4-акт – сүндеттеу
баланың дүние есігін ашқан сəті ғана емес, Майклдің өз мұрагерін
құшағына алған символдық мəні бар оқиға. Əрине, бұл эпизодтар маусым
сайын немесе əр сериалға (Леоның тууы – Стедман отбасылық
арқауындағы бір сəт) ұласатын баяндау элементтерінен тұрады. Бірақ олар
апта сайын маңызды сюжеттік мəселелерді көтеріп, соны шешуге
бағытталған.
Бұл драмалық акт құрылымы аудиторияның шешім қабылдауға деген
талпынысын 
толық 
болмаса 
да, 
жартылай 
қанағаттандырады.
Телевизиялық баяндаулар көбінесе апта сайын өткізілетіндіктен, жаңа
мəселелердің шешімін табудың қуанышына бөлейтіні анық. Бірақ бұл
эпизодқа ыңғайланған құрылымдардың аудиторияға жүгінетін жалғыз
құралы ғана емес. Тағы бір бұрыннан келе жатқан нұсқа – тақырыптық
параллелизм. Бұл сан түрлі сюжеті бар əңгімені баяндаған кезде айқын
білінеді: айырмашылық пен ұқсастықты анықтау арқылы олар бірін-бірі
кимелеп, бірінің орнына бірі шығады.
33
Параллелизмнің ең қарапайым
түріне тақырыбы ортақ «А» жұбындағы сюжеттерді жатқызуға болады.
«Фуга»
эпизодының соңғы актісінде параллелизмді қолдану үшін кесе-
көлденең тəсілді қолданады. Ноэль мен Ханнаны көрсететін кадр Фелисити
мен Эли қатынасын суреттейтін кадрлармен алма-кезек ауысып отырады.
Дəл сол уақытта жаңбырдың тырсылы мен Ханнаның фортепианода
ойнаған əуені бір көріністен екіншісіне ұласады. Мұндай көрсетілімдерде,


тақырыптық материалдарда көркемдік тəсілдің бірі саналатын ирония жиі
қолданылады. Мəселен, «Зияныңды тигізбе»
 
(
Do No Harm, 2005 жылғы 6
сəуірдегі
) эпизодында бір кейіпкер дүние есігін ашып жатса, екінші бір
кейіпкер жан тапсырып жатады.
Қарапайым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет