showrunner
)
басқаруында болады. Сериалдардағы бір-бірімен жалғасқан
эпизодтарда кейбір сұрақтардың жауабы табылғанымен, көп мəселені
белгісіз күйінде қалдырады. Барлық сериалдарда назар белгілі бір
кейіпкерлерге бағытталып, көріністер бірінен кейін бірі орын алатын
бірнеше оқиға желісінің қосылуынан өрбиді. Əр маусым жыл бойына
қайталанатын, күзде басталып, көктемде аяқталатын, яғни қараша, ақпан,
мамыр айларында көрсетілетін 24-ке жуық эпизодтардан тұрады.
Сыншылар МТМ кинокомпаниясының 1980 жылдардағы «Хилл көшесінің
блюзі» жəне
«Сент-Элсвер»
секілді сериалдарын жиі марапаттағаннан
кейін, ПТС эпизодтық драмалар мен «көбік» жəне шағын сериалдардың
нағыз гибридіне айналды.
6
Кешкі сериалдар мен күндізгі сериалдардың
ұқсастықтары көп болғанымен де, прайм-тайм шоуларында əлі де болса
оқиғаның аяқталуы тым ұзаққа созылып, кейбір эпизодтар мен түрлі
образдар жетіспейді. Эпизодтық сериалдармен көптеген ұқсастықтары
болғанымен де, ПТС ұзаққа созылған баяндауларының арқасында,
характерлерді ашуда керемет тəсіл ұсына алады. МТМ-ның «сапалы TV»
деп бағаланған драмаларынан бастап, ПТС көркем шығармашылық
нормалары мен оны жасаушылар арасындағы ерекше топтық стиль ретінде
қызмет етті. Мұны топтық стиль деуімнің себебі – формалық деңгейде
түрлі бағдарламалардың ортақ ұқсастықтары бар. Бұл ұқсастықтар кез
келген бағдарламаның «сапасына» немесе отбасылық, жасөспірімдік,
шпиондық, ғылыми-фантастикалық, заңдық я болмаса дəрігерлер,
полициялар жайында дегендей, жанрлық статусына байланысты да
туындамайды.
7
Бір-бірінен айырмашылығы айқын байқалады деген
бағдарламалардың өздерінің негізгі баяндау қағидалары ортақ болуы
мүмкін.
ПТС-да баяндаудың қандай құрылымы қолданылады? Телевизияның
коммерциялық жүйесінде ПТС-ның баяндауда қолданылатын əдеттері
қандай функция атқарады? Осы қалыптасқан дағды көрермендерді қалай
қызықтырады? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін біз телевизия
индустриясындағы сауда мен өнердің өзара əрекеттесуіне назар аударамыз.
Желілік тұрғыдан алғанда, бағдарламалау – аудиторияны жарнама
берушілерге сату құралы. Осы мақсатпен өндірушілер коммерциялық
императивке иек артып, апта сайын желі клиенттеріне ең үлкен жəне ең
қалаулы аудиторияны ұсынады. Бағдарламалар көрермендердің назарын
аудартып, олардың көруге деген құлшынысын арттыруға тырысады. ПТС-
ның баяндау құрылымы – жоғарыдағы айтылған миллиондаған адамдардың
көңілін өзіне аударуды мақсат еткен өндірістік күйдің жемісі. Соңғы
бірнеше онжылдықтар бойы жігерлендіретін стратегиялар мен шарттар
өзгерген жоқ.
Кейбір
сыншылардың
тұжырымына
қарамастан,
мен
осындай
индустриялық контексте желілік телевизия аудитория мен жарнама
берушілерге де бірдей пайдалы болып, көркемдік тұрғыдан да,
коммерциялық тұрғыдан да өркендеп келе жатқаны жөнінде тұжырым
жасаймын. Телевизияның коммерциялық логикасына қарамастан, ПТС өзі
діттеген нəтижелерге жетті. Телевизияда көрермендерді апта сайын не
болар екен деп еліктіріп, назарын аудару керек болды. Ол үшін жаңаша
тəсіл – баяндаудың қуатты əдісі əзірленді. Осы орайда, көрермендер өткізіп
алуы мүмкін детальдарды еске түсіру үшін жасалатын қайталама
диалогтер, көркемдеп жеткізуге кедергі келтіретін оқиғалар арасындағы
жарнама роликтерінің берілуі, баяндау тəсіліндегі түрлі тəжірибелер
желілерден түсетін пайданы арттыру мақсатында жасалған. Бірақ ПТС-да
жарнамадан түсетін табысты арттыруға арналған осы жəне өзге де
шектеулер көрермендердің тəжірибесін тереңдетіп, байыта алатын баяндау
функцияларына бейімделді. ПТС-ның баяндау формасын қарастырғанда,
талдау жасау үшін түсіндірудің үш деңгейі бар деп есептейміз: көріністің
микродеңгейі немесе «түрткісі», эпизодтың орташа деңгейі жəне бір
эпизодтың макродеңгейі, сонымен қатар көп эпизодты оқиға арқауы (
аrcs
).
Телевизия
əңгімелеушілерінің
коммерциялық
жəне
эстетикалық
мақсаттарының үш деңгейі де бірін-бірі толықтыратын үйлесімділікті
сақтайды (бұл тұрғыда телевизияның саяси немесе идеологиялық
мақсаттары айқын не бұлыңғыр ма деген сұрақ қоя алмаймыз. Өйткені
мұндай салалар желілердің коммерциялық мақсаттарына аса пайдалы
емес).
Америка телевизиясының көрермендерге тұтыну тауарлары мен түрлі
қызметтерді сатудағы тағы бір мақсаты шығармашылық қырларын көрсету
екендігіне де көз жұмып қарауға болмас. Егер өз аудиториясын қуанту өнер
атаулы атқаратын функцияларының бірі болса, онда тарату мен рақатқа
бөлейтін сезімді арттырудағы коммерциялық ізденіс те, өнер адамының
мақсатымен орайласатыны анық. Бұл, əрине, суреткер аудиторияның
сұранысын қанағаттандырумен емес, өзінің жан дүниесін рақатқа бөлейтін
дүние тудырумен айналысқанда ғана өнер – өнер боп қалмақ дейтін
интеллектуалдық көзқарасты алға тартады. Бірақ көпшілік өнердің бір
саласы ретіндегі телевизияның да өзгелерден оза шауып, оқшауланатын
пиғылы жоқ. Көбіне бұл саладағы өнер түрлері қолжетімді əрі ұшқары,
жеңіл түсінікке жанталаса ұмтылуда. Мұның бір көрінісі – қорқыныш, ашу,
қуаныш жəне таңдану секілді эмоцияларға жүгіну.
8
ПТС көрерменді
сендіре алатын, үнемі қиын кедергілерге ұшырайтын кейіпкерлердің бір-
бірімен байланысқан ұзақ оқиғаларын шебер құрастыру арқылы осы
мақсатқа
жетуге
талпынуда.
Олар
көрермендердің
қалауындағы
кейіпкерлер қалай болу керегін білу үшін аудиторияға жүгініп, эмоциялық
байланыс орнатуға тырысады. Телевизияның мұндай тиімділікке қалай
жететінін анықтау – аталмыш мақаламның басты мақсаты.
Микродеңгей: түрткі
Оқиғаны
баяндаудан
кейін
ақпаратты
жинақтау
процесі
бар.
Телевизиядағы сценарий авторлары бұл ақпаратты өте шұғыл, таңғажайып
жəне эмоциялық əсері басым болып көрінетіндей етіп жеткізуге тырысады.
Оқиға бірте-бірте шиеленісіп, көрермендердің қызығушылығын оятады һəм
оқиғаның əрі қарай өрбуіне байланысты əңгімелеуші көрерменді одан
сайын ынтықтыра түскісі келеді. Сөйтіп, телевизияның негізгі эстетикалық
жəне экономикалық мақсаттары көрермен назарын аудару үшін бір арнада
тоғысады. Бұл баяндаудың ең кіші түйінінде, микродеңгейде басталады.
Əңгімелеудің бұл деңгейінде телевизиялық баяндаудың көпшілігі өте
ұқсас көрінеді. Жағдаяттық комедиялар, эпизодтар мен сериалдар
оқиғаларды ұзақтығы екі минутқа да жетпейтін қысқа үзіктермен көрсетеді.
Көрермендер «көрініс» деп танығанымен, авторлар оларды «түрткі» (
beats
)
деп атайды. Олар телевизиядағы баяндаудың ең маңызды бөлігі саналады.
Эпизодтардағы жекелеген түрткілердің саны олардың ұзақтығына
байланысты өзгеріп отырады. Əйтсе де телевизиядағы прайм‐тайм
бағдарламаларда ұзақ, созылыңқы түрткілер өте сирек кездеседі. Оқиғаның
кішкентай бір желісінің өзі сценарийдің екі жарым бетіне жуық, басқаша
айтсақ бұл – сценарийдің бір беті экран уақытының бір минутына тең деген
сөз.
9
Олар аудиторияның назарын ұзағырақ ұстап тұру мезі етіп жіберуі
мүмкін деп санайды. Қарқынды түрде өрбіген оқиғадағы созылыңқы
көріністер көрерменнің қызығушылығын жоғалтуы мүмкін. Сол үшін
телевизияда, аудиторияның назарын ұстап қалудың қаржылық тұрғыдан
маңыздылығын ескере отырып, бір-біріне байланысқан қысқа сегменттерді
жылдам алмастыратын баяндау тəсіліне көшеді.
Қысқа сегменттердегі бөліп жазу нақтылықты əрі тиімділікті қажет
ететіндіктен, сценаристер үшін күрделі. Ешқандай сəттің шиеленістіретін
функциясы жоқ. Бірде-бір көрініс басқа көріністермен салыстырғанда,
созылыңқы келіп немесе оқиғаның алға жылжуына кедергі келтірмейді.
Бұл əрбір түрткі сюжетті қалыпты деңгейде өрбітеді дегенді білдірмесе
керек. Көптеген түрткілер іс-қимылдан гөрі түрлі шоулардағы секілді,
негізінен, жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарынан туындайтын
реакциялардан тұрады. Реакция-түрткі нүктесі баяндалатын ақпаратының
жаңа бөлігі саналады. Əрбір түрткі біз білуге тиіс жаңа ақпарат береді жəне
біздің əрі қарай не болады екен деген ынтығуымызды арттырады.
10
Əр
түрткі осы ақпаратқа қатысты кейіпкер атынан қанағаттану, толқу, алаңдау,
түсінбестік пен көңілі қалу секілді түрлі сезімдерді тудырады. Келесі
сериалдағы түрткі бізге өзінің жаңа бөлігін (
bits
) ұсынбас бұрын, өткен
сериалға кері шегініп, бірнеше ескі бөліктегі ақпаратты еске салады.
Аталмыш миссиялар көмегімен бір түрткі келесісіне жол береді.
Авторлар телевизиялық сценарийді жазуға отырғанда, алғашқы кезектегі
орындайтын міндеті – оқиға линиясының жедел жоспарын құру я болмаса
көбіне жазу тобымен бірге жұмыс істеп, «сюжет дəлдігін» (
Достарыңызбен бөлісу: |