телевизиялық баяндаулардың көптеген түрлерінде осындай контекске
байланысты қайталаулар жиі кездеседі. Мысалы,
«Соңғы жанкешті»
шоуындағы
эпизодта
қатысушылардың
есімдері
бірнеше
мəрте
қайталанады:
сериялық
шоудың
титрінда,
қатысушылар
шоуды
ұйымдастырушыларға жүгінгенде жəне басқа қатысушылар сұхбат
барысында
есімін
атағанда,
бөлінген
команда
қатысушыларын
жариялағанда һəм өзі сұхбат берген кезде экран астына аты-жөні
(мамандығы) көрсетілгенде, көрермен олардың тегіне қанығып отырады.
Қайталау – телевизияның көптеген формасында ақпараттың барынша
қолжетімді болу мақсатынан туған тəсіл. Бірақ бұл бейімделудің қосымша
артықшылықтары бар. Телевизияда қайталаудың өзіндік себептері
жетерлік. Бұл баяндауды түсінікті ету үшін керек. Дегенмен оқиғалардағы
кейіпкерлердің кім екені, олар не істеп жүр, не үшін бұлай істеді, қандай
тəуекелге бел буды деген сияқты оқиғаларды үнемі еске салып отыратын
ұсақ-түйек ақпараттың өзі тұрақты көрермендерге үлкен қуаныш сыйлайды
екен. Біз уайымдап, назар аударуымыз керек болған маңызды элементтер
құйтырқы əдіспен айрықша баяндалғанда, қызығушылығымыз артып,
көңіліміз біржола сол эпизодқа аууы мүмкін. Қайталау функциясы
оқиғаларды бізге түсінікті қылып қана қоймайды, ең маңыздысы, оқиға
желісін қызықты етіп, ерекше əсерге бөлеу арқылы көру тəжірибемізді
байыта түседі.
Кристиан Мецтің сөзімен айтқанда, телевизия полициясы жоқ. Бізді
ешкім
апта
сайын
болатын
драмаларды
көруге
мəжбүрлемейді.
Телевизиядағы баяндаудың микродеңгейінде оқиғалар түрткілерге бөлініп,
əр түрткі көрермен назарын аударту мақсатында қызмет атқарады.
Телевизия
баяндаушылары
əдебиетші,
драматург,
кинорежиссер
əріптестеріне қарағанда, біздің қызығушылығымызды оятып, ынта-
ықыласымызды үнемі арттырып отырулары тиіс. Оқиғаларды түрткілерге
бөлу кейіпкерлер жайына алаңдап, енді не болар екен деп еліктіретіндей
қуатты риторикалық күшке ие.
Достарыңызбен бөлісу: