«Менің іңгəм – оның өмірінен пайдасыз нəрсенің бəрін кесіп тастайтын
пышақ. Иə, маған пайдасыз нəрсені» (319). Сонымен бірге, қыздың баяндап
жатқанын Джиллмен үйлестіру қиын. Сəбидің талабы шексіз (барша
сəбилердің талабы секілді); олар «жою» үшін жасалатын «шабуыл» сияқты
көрінеді («Жауапкершілік, – деп жазады Джилл Роббинс, – егер этика
болмаса, қуғын сияқты сезіледі» (16). Ешқандай əсірелеусіз бұл мəтіндегі
сəби балтасы бар психопат жендет ретінде, сонымен бірге көбелек бейнелі
комбинезон шалбар киген, əлжуаз, тілі тəтті, шашы үлпілдеген кейіпте
суреттеледі.
21
Əңгіменің соңы сəби мен скрипканың бір жерде, диван астында
жатуымен аяқталады. Джилл қайтадан скрипкамен кəсіби жəне өте
табысты түрде өнер көрсете алатынына қарамастан, алдымен сəбиді
құтқаруға бел байлайды. Джилл, менің білуімше, өзінің сəбиін қалайды
жəне түсінде баланы жоғалтып, азап тартқаннан кейін ғана мейірімді анаға
айналады. Джиллдің күйеуін жоғалтуы (үйлене салысымен майданға кетіп,
Екінші дүниежүзілік соғыста ажал құшқан) «таңғажайып керемет
əшекейлерге толы шұғылалы бөлменің жалғасын» жоғалту секілді
сипатталады. Баланы жоғалту Джиллдің ішкі құрылымдық кеңістігіне қауіп
төндіреді: «Баланың орнын толтыра алар, басқа нəрсе үшін оның көңілінде
ешқандай орын жоқ» (306, 295).
22
Оның үстіне, анасы сəби жайында (оның
анасы өзі екенін де білмейтіндіктен) қатты қасірет шегеді: «Менің анама
келген уайым баланы күту қайғысы еді. Ол өзінің сəбиді күтіп жүргенін де
білмейтін еді. Бұл – осының бəрін ұмытқан кездегі жалғыз ғана үміті
болатын. Тіпті көзін қарықтырған ақшағыл қардан да теріс айнала
алмайтын, сондай қорғансыз кішкентай ғана жас сəби. Анасының
қайғысынан солықтай демалуы да мүмкін» (293–94). Нəресте – қанішер
мен құрбандық арасында тұрған субъект. Алайда бұл – сəбидің өзінің жеке/
басқа
айырмашылығын
қалыптастырғандығынан
емес,
дұрысы,
айырмашылықтың абсолютті қауіпті екендігінен. Оның іңгəсі немесе
кемшін сезінуі – адамға тəн қасиет емес. Бланшоның Левинастың
жауапкершілігі жайында айтқан пікірі анаға жəне жекелей алғанда
Достарыңызбен бөлісу: