айналдыру үшін оларды өзінің авторынан, оның өмірінен, үміттерінен,
қауіп-қатерлері мен мүдделерінен, қақтығыстарынан, күресінен т.б. бөліп
тастайтындай көрінеді. Осыншалықты шектеуге тап болған сын əсерсіз əрі
солғын болып көрінуі де ғажап емес. Бұл, негізінен, автордың идеясы мен
тұлғасын зерттеуге, жазысқан хаттары мен күнделік жазбаларына,
замандастары жазған əңгімелерге маңыз беретін кəдімгі жоғары оқу
орнының профессорына тəн. Газеттерде бос əңгімені бұрқыратуға шебер
əдеби шолушыларға да солай көрінуі əбден мүмкін. Шығармашылық
ізденіс барысында композиция мəселесіне тап болған, əрі белгілі бір
тақырыпты немесе стильді табу үшін арпалысқан жас ақынға немесе
жазушыға да солай көрінуі ықтимал.
Екіншіден, еңбекті оның нақты оқырманынан да оқшаулап бөліп алу
қажет. Бұл оқшаулау қатаң, шетін болып көрінеді. Қалай болғанда да,
əдебиет оқуға арналып жазылады. Уордсуорттың ақыны – көпшілікпен
сөйлесуші адам. «
Достарыңызбен бөлісу: