Орындаған: Манатай Ақжүніс Тобы: ЕП-21-3К6 Қабылдаған: Уразалиева Арайлым Жоспар I.Кіріспе А) Поляризация деген не? Б) Поляризация түрлері II. Негізгі бөлім А) Поляризациялану дәрежесі Б) Жасанды поляризация III. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Поляризация, полярлану (француз тілінде polarіsatіon — алғашқы негізі, грек тілінде polos — ось, полюс) —
Электрхимиялық поляризация — электр тогы өткен кезде ерітінді мен электрод арасындағы потенциалдар айырмасының тепе-теңдік мәнінен ауытқуы;
Молекуланың және атомның поляризациясы — сыртқы электр өрісінде орналасқан зат молекуласы мен атомының деформациялануы;
Вакуумдық поляризация — магниттік өріс әсерінен вакуумның диэлектрлік орта тәрізді, яғни, осы ортада электр зарядтары біркелкі таралғандай әсер қалдыратын күйге ауысуы;
Толқындар поляризациясы — көлденең толқындардағы тербелістердің таралу бағытымен салыстырғанда осьтік симметриясының бұзылуы;
Диэлектриктердің поляризациясы;
Бөлшектердің поляризациясы — әр бөлшектің өзіне тән қозғалыс мөлшерінің моменті — спині болуына және оның кеңістіктегі бағытталуына байланысты байқалатын бөлшектер күйінің сипаттамасы;
Ортаның поляризациясы — қарастырылып отырған ортада көлемдік дипольдік электрлік моменттің пайда болуы;
Жарық поляризациясы — жарықтың полярлануы;
Аспан күмбезінің поляризациясы — күндіз бұлт болмаған кезде, не түнде ай жарығында байқалатын оптикалық құбылыстардың бірі.[
Егер жерге тұйықталған АВ тізбегінен (бір) аз уақыт мезгілінде тұрақты ток жіберіп, одан соң сөндірсе, поляризациялаушы ток өшкен соң біраз уақыт өткеннен кейін поляризацияланған денеден пайда болған туынды электр потенциалы, уақытқа тәуелді экспоненциалдық заңға жуықтау төмендететін потенциалдар айырмасын ∆UВП(0)=е–kt бақылауға жұмысында бұл құбылыс бірнеше секунд ішінде өлшеу қиындай түсіп, ал зертханалық жағдайда ол бірнеше сағатқа созылады. Бұл сияқты потенциалдар айырмасы–жасанды поляризация өрісі деп аталады.
Егер табиғи электр өрісінде ЕП электр өрісі өздігінен пайда болса, жасанды поляризация ЖП әдісінде – мәжбүрлі түрде жасалады.
Жасанды поляризацияның қарқындылығы поляризациялану параметріне, қоршаған ортаның жекеменшікті кедергісіне, геологиялық дененің тереңдігіне, формасына, сол кеннің көлеміне байланысты болады.
Геологиялық денені тұрақты не импульсті өрістермен поляризациялау үшін А және В электродтары арқылы жерге тұрақты немесе төменгі жиіліктегі ток жіберіледі. Қабылдаушы М және N электродтары арасында пайда болған туынды электр өрісінің кернеулігі ∆UЖП.
1–ток сызықтары; 2–туынды өріс
3.27 – сурет – Жасанды поляризацияның туындауын бақылауға арналған және оны бақылаудың тәсілі
Қоректендіруші тізбекте АВ электродтары жермен тұйықталып, ток қатты өткізгіштерден, сулар мен сұйықтардан, электролиттерден өткенде, олардың жапсарларында кос электрлік қабат пайда болады.
Егер зерттелетін қимада электрондық өткізгіш объект – рудалық жатын болса, ол поляризацияланады. Токты өшіргеннен кейін қос қабаттың, яғни поляризацияланған рудалық объектіден пайда болған – туынды өрістің разрядталуы басталады.
Егер қабылдаушы тізбекте, АВ тізбегіндегі токтан туындаған потенциалдар айырмасын ∆Uтол деп таңбалап, ал одан кейін ток өшірілген соң ∆UЖП–ны өлшесе, онда таужыныстарының поляризациялануын есептеуге болады: . (3.25)
Поляризацияланған потенциал айырмасының, толық потенциал айырмасына, пайыздық қатынасын поляризациялау параметрі деп атайды. Бұл параметрі ЖП әдісінде геоэлектрлік қиманы зерттеуге арналған. Есептелген формула біртекті ортаға ғана арналған, поляризациялану параметрі ŋ, осы ортаның нақты поляризациялану параметріне тең. Қоршаған ортада әртекті көрінерлік поляризациялану өлшенеді. Жасанды поляризация ЖП әдісімен геологиялық қимада деңгейде поляризацияланған объектілерді, яғни электрондық өткізгіш минералдарды, (әртүрлі металдардың сульфидтері–темір, никель, мыс, қорғасын, күміс т.б. ал, магнетит пенграфит, пиролюзит пен самородты металдар) анықтап тауып, бөліп алуға негізделген. Қазіргі кезде поляризация әдісі тұрақты токпен кеңінен қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Құлбекұлы М., Хамраев Ш. Электр және магнетизмнің физикалық негіздері.–Алматы: «Қарасай» баспасы, 2008.–265 б.
Савальев И.В. Жалпы физика курсы. 2 том. Электр-Алматы: Мектеп, 1977.
Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. 2 том. Электрлік және электрмагниттік құбылыстар. Алматы: Мектеп, 1970.
Гершензон Е.М., Малов Н.Н Электричество и магнетизм. Курс общей физики: М.: Просвещение, 1980.