Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет358/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   369
Парадигма, парадигматика 
(paradigm, paradigmatic) – лингвистикада бір-бірінің орнына жүретін
сөздер жиынтығы.
Перформатив, перформативтік 
(performative, performativity) – британдық философ Джон
Остиннің «Сіздерді ерлі-зайыпты деп жариялаймын» деген сияқты дүниеге өзгеріс əкелетін
мағынадағы тіркестерді атау үшін ойлап тапқан термині. Сөздер əлеуметтік институттарды құрады.
Ол осындай сөздердің ауқымды топтамасын «сөйлеу əрекеті» деп атады. Соған сүйенген Джудит
Батлер гендерлік бірегейлік мəдени гендерлік идеалды даралауға негізделгенін атап көрсетті. Гендер,
бір жағынан, сөйлеу əрекетіндегі термин мағынасының, перформативті идеалдың жүзеге асуы;
гендерлік бірегейлікке тəн əрекетті жүзеге асырады.
Постмодернизм 
(postmodernism) – тарихи кезең əрі постструктурализмнің басқаша атауы. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы мəдени дəуірде суретшілер мен жазушылар жоғары жəне
бұқаралық мəдениет арасындағы шекараны бұзып (мысалы, «сорпа банкаларын» да суретке салды),


əртүрлі стильдермен жəне өнердің əрқилы тұжырымдамалық түрлерімен еркін тəжірибелер жасады.
Əдебиетте постмодернистік жазбалар əдеби техникаларға, бұралаң (сызықтық емес) баяндаулар мен
пародиялық əсіре бейнелеулерімен көзге ұратын өзгешеліктерімен көрінді. Оған мысал ретінде
Томас Пинчонның «Лот 49-дың көз жасы», Джон Барттың «Серкебала Джайлс» жəне Дон
Делиллоның «Ақ шуыл» шығармаларын айтуға болады. Кейбір марксистер постмодернизм терминін
АҚШ сияқты дамыған капиталистік елдердегідей жаппай өнім өндіруден қаржылық капитализмге
өтуді сипаттайтын капитализм кезеңін атау үшін қолданады. Олардың ойынша, мəдениет осы бір
өтпелі кезеңмен астасып кетті де, маңызы төмендеп, барынша баянсыз қалыпқа түсті.
Постструктурализм 
(post-structuralism) – 1960 жылдардың соңынан басталып, ғасыр соңына
дейін жалғасқан, бұрынғы философиядағы беделді ақиқатты танудың дəстүрлі жолына балама
ретінде семантикалық мүмкіндіктерді белсенді ыдырату, дəстүрлі бірегейлік түрлерін жоққа шығару,
иерархияны құлату, айырмашылық пен ажырауға нақты анықтама берген француз ойлау жүйесіндегі
қозғалыс. Оның басты қозғаушысы – Жак Деррида. Оның батысеуропалық философияның негізгі
тұжырымдарының тұрақсыздығына қатысты алға тартқан дəлелдері айналасындағы Ю.Кристева,
Люс Иригарей, Элен Сиксу, Жан-Франсуа Лиотар, Ролан Барт жəне Жил Делөз сияқты ойшылдарға
айтарлықтай əсер етті.
Реификация 
(Жаттануды қараңыз) 
(reification) – жұмысшылардың бойындағы күш-қуатының
еңбек арқылы капиталистерге тиесілі тауарға қалай айналатынын білдіретін марксизм термині.
Осылайша жұмысшылардың күш-қуаты объектіге (
res 
– заттар мен объектілерге қатысты латын сөзі)
айналады жəне басқа адамдардың иелігіне беру үшін олардан тартып алынады. Жұмысшылардың
өмірі нақты затқа айналады.
Ризома 
(rhizome) – жер бедерінің астыңғы қабатында көлбеу жатқан тамырлы жүйе. Жил Делөз
бен Феликс Гуаттари мұны материалдық шындықтың қалай əрекет ететінін жəне жазу ісі қалай
жүретінін сипаттау үшін метафора ретінде қолданған. Жазу шындықтың діттегенін жинақтап
бермейді, оның орнына семантикалық, эмоциялық жəне материалдық əсерді өрнектеп таратады.
Сектораралық 
(intersectional, intersectionality) – əйелдердің, гомосексуалистер мен гендерлік
азшылықтың жəне түсі бөлек адамдардың маңызды пікірлерінің сингулярлық еместігіне жəне
қажетті байланысы мен күрделілігіне назар аударатын феминизм мен сыни нəсілдік теорияны талдау
тəсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет