Әдебиет теориясы. 1-том


Таңба, таңбалаушы, таңбаланушы



Pdf көрінісі
бет361/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   369
Таңба, таңбалаушы, таңбаланушы 
(sign, signifier, signified). Таңба – мақсаты мен функциясы
басқа бір дүниеге бағытталып тұратын белгілеуші. Барлық тіл дыбыс пен жазу символдары секілді
таңбалардан тұрады. Швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюр вербальды таңбалардың екі
түрлі аспектісін ажыратып көрсетеді: таңбалаушы немесе дыбыстық бейне жəне таңбаланушы
немесе менталды тұжырым. Тілдегі барлық таңбалар еркін, бұл дыбыс кез келген дүниеге бағыттала
алады дегенді білдіреді. «Ағаш»
 (Tree) 
сөзі маңырап тұрған, жүні бар төрт аяқты мақұлықты білдіруі
де мүмкін еді. Сондықтан кез келген мағына шартты, мəселе келісімде жатыр. Тілдегі барлық
таңбаның функциясы мен мағынасы болады. «Қой»
(sheep)
сөзінің мағынасы мен қызметі басқа
емес, дəл осы жануарды білдіруге арналған. Басқа тілдердегі басқа таңбалар, мысалы, француз
тіліндегі 
«mouton»
сөзінің де осындай мағынасы бар жəне дəл осындай қызмет атқарады. Барлық
таңбалаушы мен таңбаланушы өзіне жақын элементтерден айырмашылығы айқындалып, даралық
сипатқа ие шынжыр бойында өмір сүреді. «Тегіс» 
(flat)
, «егеуқұйрық» 
(rat)
жəне «мысық» 
(cat)
тілде
бір-бірінен айырмашылығына қарай даралыққа ие болады. Олар жеке; даралық функционалды жəне
мағыналық дарытатын тілдік қатынастың тұтас жүйесінсіз мағынасыз болып қалады. Бұл –
«диакритикалық қағида».
Тарихи материализм 
(historical materialism) – адамзаттың өмірі тарихи уақытта өтіп жатқан
физикалық процесс ретінде жақсы түсіндіріледі деген марксистік идея. Материалистік түсінік
адамзаттың болмысын сипаттайтын нақты əлеуметтік, саяси жəне экономикалық шарттарға
басымдық береді. Бұл əдіс адамзат тарихы мен қоғамын «еркіндік» немесе «азаттық» сияқты
идеялардың жүзеге асуы ретінде көрсететін идеалистік ұстанымнан өзгеше. Мұндай идеялар
əлеуметтік болмыстың əсіресе марксистер үшін жұмысшыларды еркіндігінен айыратын, жалақы
құлдығының формасы саналатын капитализм кезінде əлеуметтік тіршіліктің нақты формаларымен
қарама-қайшылыққа түседі.


Тауар 
(commodity) – Маркстің еңбекпен жасалатын өнімді белгілеген термині. Мысалы,
капитализм кезіндегі базарда сатылатын аяқ киім. Ол шикізат тауарларын тек нарықтық айырбасқа
негізделген пайданың сиқырлы көзі деп есептеді. Ал, шын мəнінде, тауарлардың адам еңбегімен
жасалған шынайы құндылығы жете бағаланбай, қалыс қалады. Пайда жұмысшылардың сол еңбегін
толық төлемеуден құралады. 
«Тауар фетишизмін» қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет