Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет63/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

,
параномазия (
ұқсас дыбысталатын сөздерді бейнелі
түрде жақындату
), бейберекеттік, қайталау, силлепсис (
жинақтау
)
,
синекдоха (
меңзеу
), топография (
жер-су аттарының көркем əдебиетте
қолданылуы
)
.
Фонтаньенің түсінігінше, аталмыш дискурстық құралдар үшке бөлінеді:
сəйкес айшықтау (
метонимия
), еске салатын айшықтау (
метафора
)
 
жəне
біріктіретін айшықтау (
синекдоха
).
 
Валломброза маңындағы көріністі
жапырақтарға теңеуде 
сəйкестік
(сайтандар төгілген жапыраққа ұқсайды,
ал сынған дөңгелектер олардың күйрей жеңілуі іспетті) жəне сайтан мен
Перғауынның күштері зұлымдық күші болғандықтан, екеуін нақты
байланыстыратын 
ұқсастық
бар. Шын мəнінде, Милтон Перғауын əскерін
адамзатқа үлкен зұлымдық əкелетін сайтандар, ал Перғауынның өзі Мысыр
билеушісі бейнесіндегі сайтанның дəл өзі деп ойласа керек. Сонымен қатар
бізде Фонтаньенің 
салыстыру үшін
Милтон 
«
Тозақ
»
деп атаған, бəрін
біріктіретін ортақ мекенді қосу туралы да идеясы бар. Бəрі соның бір бөлігі
болғандықтан, ол Тозақпен байланысты. Тозақ уақытпен жəне орынмен


шектелмейді. Міне, оның ең орамды сəті осы. Өйткені ол Тозаққа шектеу
мен уақыт береді, оны басқа жер сияқты сипаттайды. Фонтаньенің
байланыс түсінігі туралы терминдерінде бір жағдайды екінші жағдайдан
туындатып, түрді яки жанрды кеңейтіп отырады. Бұл кезде ойымызға
Перғауынның күйрей жеңілген əскері келеді.
Фонтанье əдебиетте бейнелердің өзгеруі бір заттың екінші затқа
айналуымен, 
сыртқы 
бейненің 
өзгеруімен, 
басқа 
затпен 
орнын
ауыстырумен байланысты болатынын атап өтпеген. Осы орайда,
метаморфозаны шебер пайдаланған ұлы ақын Овидийдің Милтонға
айрықша əсер еткені байқалады. 
«Жоғалған жұмақтың» 
басынан аяғына
дейін сайтандар алуан түрлі өзгеріп отырады
 
(
метаморфоза
). Поэманың
өзін толық метаморфозалық шығарма деп атауға болады. Поэманың өн
бойында сайтандарды күзгі жапырақтарға теңеу соншалықты көркем
көрінбесе де, жырдың өзіндік сипатын, сəйкестігін өзгертетін əдемі
өрнектердің бірі болып қала береді. Академияның пікіріне жүгінсек,
бейнелер ақынға қалыпты жағдайдан өзгеше пайымдауға мүмкіндік береді.
Түптеп келгенде, бейнелер ақынның қиялын еркінше шарықтатып,
шеберлігін барынша түрлендіріп, құбылтып көрсетуіне көмектеседі.
Назар аударуға тұрарлық бір жайт: анықтамасы есімізде сақталып қалған
бейнелерді поэмалардағы, пьесалардағы жəне романдардағы бейнесімен
сəйкестендіру үшін оны жекеше бір мəн ретінде қарастыру үнемі пайдалы
бола бермейді. Негізі, бейне жасау өзгеріп əрі қайталанып тұрады.
Милтонның шығармасында қолданылған «сияқты» сөзі сынды кеңейтілген
салыстыруды 
көрдік. 
Бұл 
эпостық 
салыстыруда 
Флоренцияның
оңтүстігіндегі католицизмнің қаңырап қалған ғибадатханасын немесе
Данте, Вергилий һəм Гомерге деген құрметті, бір-біріне ұқсаған (сайтандар
= қураған жапырақтар = сынған дөңгелектер) ауыстыруды (
метафораны
),
құрылымы басқа, мағынасы жақын сөзбен алмастыруды (
метонимияны
),
Тозақтың əртүрлі өлшемдерінің көрінісі болатын жалпы салыстыру –
меңзеуді (
синекдоханы
) көрдік. Жаратылысы өзгеше, мазасыз сайтандарды
жер тіршілігіне тəн, қурап, саудырап төгілуге бейім жапырақтармен
салыстырудан келемежді (иронияны) де аңғарамыз. Сондай-ақ Орион
бейнесінен суда толқын тудыратын желді яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет