өзгеше өбкенінен көрінеді.
28
Қойылым əйел адамның бойындағы
құндылықты айшықтай түседі. Сол құндылықты Корделияның өзі болмаса
да, оның бейнесімен, қайта оралуымен əрі сыртқы келбетімен анықтаған.
Осыдан соң, ол бəрінен айырылған, енді қызынан да айырылғалы тұрған
Лирдің алдында өз құндылығын арттырады. Əкесінің ісін жалғастырмақ
болып оралады да, отбасы, мемлекет жəне сенім (дін) идеологиясының
«
қарапайым
» міндеттерін қоса отырып, Лұқа (Жаңа өсиеттің бірінің
авторы. –
Ред.
) 2:49 (4.4.14, 23–24) сөздерін оқиды. Оның бейнесі –
құндылықтың көрінісі əрі бағасы.
29
Бұл сауығудан кейінгі жаңа күш феодалдық рыцарлықтың бір тарапта
қалып, жеңіліс тапқанынан кейін пайда болады. Бізді тек «Шекспирдің
феодализмі буржуазиялық дамудың белгісі ме, əлде трагедияның драмалық
көрінісі ме?» деген сұрақ қана алаңдатады. Тіпті тарихи қадамдар, ол
идеялар тарихы немесе жаңа мəдени материализм идеясы болсын,
пьесадағы дəлелдерді емес, феодализмнің рөлін артық бағалайды деп
ойлайтын да болармыз.
30
Бəлкім, кейіпкерлердің мысалын қарастыруда да
бір мəн бар шығар. Лир бұл жеңілісті бір кездері серілерінен айырылған
жеңіліске ұқсатпайды. Бұл айырмашылықты майдан даласындағы
жеңіліспен емес, Корделияның махаббатының күшті əрі нəзік қырымен
түсіндіреміз. Оның эмоциясы ашық кеңістікті толтырып, шарасыздықты
алмастырады. Ол «
өзгерген бала
» болған жəне бола да береді (4.7.17).
Лирикалық сөзде эскапизмнің (
Достарыңызбен бөлісу: