deictic
) риторикасы
бəрінің назарын қызына аудартады: «
Көрдіңдер ме? Қараңдар, оның ерніне
қараңдар/ Қараңдар, қараңдар!
» (5.3.310–11). «Ол» «осында», сөзбен ғана
емес, барлық бейнесімен осында. Ендігі жерде «
күзгі шаң-тозаң
» (4.6.199)
барлық оқиғалар өткен мекеннің соңғы көрінісі болады.
45
Қым-қиғаш өмір
құпияларының барлығы бір адамның диалогі арқылы қорқынышты
кеңістікті ашып, көз бен сөзде тоғысады. Ол қызының ерніне қарап
отырып: «Қараңдар, қараңдар», – дейді.
Шекспир Лирдің сөздерін корольдің бұрын-соңды ешкім естімеген
бұйрығы ретінде құраған. Бізге қара дейді, ал біз кетіп барамыз. Бірақ біз
оның не айтып жатқанын естиміз жəне пьеса құрылымындағы этика мен
сипатты байланыстыратын құндылықты да оқи аламыз. Нақты негіздің
этикалық түйіні Лирдің ақтық демі таусылардағы алдануы емес.
46
Бұл –
оның даусының өлмес бұрын қызын көріп, оның даусынан жылу алып,
қорғаныс тапқан қасиеті. Қандай да бір теория немесе заң қанша қуатты
болса да, осыған жол бере алады. Онда көріністен не фильмнен көре
алатындай ешқандай лашық яки жертөле жоқ. Бұл – алыстап бара жатқан
сөз кеңістігі, өйткені бұл оларды сол мекеннің мəніне байланыстырады. Бұл
– Шекспир драмасындағы тілдің субъективтігі, қайратты адамның өзін
қауқарсыз ететін мəні. «Қараңдар» деген бұйрық келді, біз оны басқа
жолмен, яғни алқызыл еріндерге қарау арқылы, қарапайым да биязы дауыс
арқылы көреміз.
47
Өлім Корделияны алып кеткенімен, оның даусы қалды.
Корделияның құндылығы – енді Лирдің сөзіндегі
«осы дауыстың амалы»
(Глостердің сөзі. 4.6.109). Драмалық тіл екі дененің, екі кейіпкердің өзара
ауысқан рухын немесе азырақ метафизикалық терминдерде (
in terms less
metaphysical
) есте қалған дауыс пен этикалық байланысты көрсетеді.
Корделияның жоқ екенін айтқан ер адамның ойынша, бұл
«сирек
кездесетін сүйікті жанның»
қайғысы болмақ. Субъективтілік бір
кейіпкердің ішінде қатты сезілмейді, керісінше, бір кейіпкердің басқа
адамның үнсіздігіне жауап ретінде айтқан аралықта сезіледі. Г.П. Грайс
контекстің анықталмаған мəннің қалыптасуына сілтеме жасайтын
импликатура
(
мəтіндегі ақпараттың жасырын берілуі
)
деген термин
ойлап тапты.
«Король Лирде»
импликатура сөз бен өлі тыныштық
арасындағы кеңістіктегі субъективтілікке қатты əсер етеді.
48
Контекст бізге
«Король Лирдегі»
Корделияны естуге мүмкіндік береді əрі бұл жауап
король-кейіпкердің бұйрығымен анықталады.
Кейіпкерлер белгілер мен тақырыптардың əртүрлі екенін білдіреді.
Шекспир олардың арасындағы айқын аралықты анықтау үшін оларды
құқықтармен,
құндылықтармен,
болмыспен
біріктіріп,
өзара
байланыстырып орналастырады. Мұндай əдеби құрылым əртүрлі болып
қалғанымен, драмалық сөзде, өлімде һəм оқиғаның түйінінде тамаша
бірігіп кетеді. Мəселе қандай да бір кейіпкердің өз орнын анықтауында
емес; ол кейіпкер тұрақты болып қалса да, өзгерсе де, көріністегі өзіне
жүктелген күрделі міндетті орындауы үшін қажет. Міне, осы міндеттер
аудиторияны жинайды, сонымен қатар теория да осыны зерттеуге ұмтылуы
керек.
49
Мұндағы «мен» деген түсініктің өзі иллюзия болуы мүмкін. Бұл
назарды басқа жаққа аудартудың амалы болуы да ықтимал. Мұндағы
философиялық тұжырымдама мен əдеби құрылым арасында ешқандай
байланыс жоқ. Ал құрастырушының иллюзия күші Шекспирдің
кейіпкерлері мен олардың сөздерінің арасындағы айрықша байланыстан
назарды бұрып жіберсе ғана күшейе түседі. Біз кейіпкерлердің оқиғаны
қалай бастағанын бірнеше рет бақылаймыз. Өйткені деректердің барлығы
жетістік болып аяқталады. Ал мұндай жетістіктер тіл, кейіпкер мен драма
құрылымдарындағы өрнек пен айырмашылықтың өзара ықпалын күшейте
түседі. Король Лир Корделияның үнін жұмсақ, нəзік, биязы деп сипаттау
арқылы өзінің де мəртебесін арттырады. Оның тұрақты мінезін өзіне теліп,
«
Достарыңызбен бөлісу: |