Лирдің өлімін тек бір кейіпкердің осындай əрекеттерінің жиынтығы
ретінде қарайды. Бұл Лирдің жеке көзқарасы, танымы, жүрегі мен үмітінің
ішкі субъективтілігінің соңғы сюжетін жасау арқылы мəн тудырады.
Қызының қазасын көргеннен соң, кейіпкер өзінің бұл дүниеде көрген-
білгенімен бетпе-бет келеді делінеді, сондықтан да өз болмысының шегін
ширата түседі. Ақылынан алжасқандықтан, ол əлі де... санасы алдында
қорғалақтамастан, осы бір ауыр көріністен айырылғысы келмейді, бірақ
ауыртпалығы... тым үлкен; оған сананың өзі жол береді:
«Өтінемін, мына түймені шешіп жіберіңізші; рахмет, мырза». Мұнымен бірге көрініс те жол
береді; ол бұған төзе алмайды. Корделия тірі деген үмітті жүрегінен өшірместен көз жұмады:
«Қараңдаршы оған, еріндеріне қараңдаршы. Əне, əне, қараңдаршы!»
54
Лирдің өлімі – оның драмалық əрекеттердегі мəтіндер мен ішкі
көзқарастарды сенімді түрде пайдаланудан алынған ерекшелігі жайлы
сенімді баяндау. Алайда бұл тек Корделияның ернін көрсетіп тұрған
сияқты. Оның сюжеті Лирдің жүрегінде һəм үміттенуінде. Ол күйзеліске
қарамастан, екеуінің де жан дүниесі біріге алатын жалғыз мекен – жандары
жай табатын руханият əлемінде пайда болады.
Мен бұл шығарманы басқа бағытта қарап көруге тырыстым, бір
кейіпкердің ғана емес, кейіпкерлер айналасындағы жəне олардың
арасындағы кеңістік өрісін зерттеп, көзқарас пен сөз əрекеттерін осындай
кеңістіктердің драмалық қысқартуы ретінде қарастырмақ болдым.
Витгенштейннен менің сөзімнің айырмашылығы – айтқандарымның жүзеге
асып, көрініс табуында.
55
Көзқарастардың салмақтылығы мен дəйектілігіне
баса мəн бердім. Ал мен аяқтаған бейне Лирдің жүрегі мен Корделияның
«даусын» «аз уақытқа» ұзартатын мимикасымен емес, Лирдің өзінің
ернімен сипатталады. Бұл – басқа кейіпкердің даусын алған бір кейіпкердің
сырын ашатын ішкі дауыс емес, мойындалған айырмашылықтың сыртқы
даусы. Лир осыны білгендіктен де, осыны айта алғандықтан да, оның күші
туралы көбірек білеміз. Оның тілдегі жетістігі, яғни өзгеше дыбыстарды
үйлестіруі,
бар
болғаны,
əлгі
кейіпкердің
субъективтігі
жайлы
қорытындыдан алынған өзгенің интериоризациялануы (
Достарыңызбен бөлісу: