бөлігінен өзін шығарған шынайы əрі сырттай тұлғаға өтпейтін тəрізді.
Керісінше, автордың аты мəтінді ашып немесе, жоқ дегенде, оның өмір
сүру тəсілін сипаттап, əрдайым онымен біте қайнасып тұрады. Автордың
есімі айқын дискурс шоғырының жарыққа шығуын көрсетеді əрі
дискурстың мəртебесін қоғам мен мəдениет ішінде айқындайды. Оның
заңдық мəртебесі жоқ, көркем əдебиетке де жатпайды. Əдетте ол белгілі бір
дискурс құрылымы мен оның өмір сүруінің айрықша тəсілін анықтайтын
аралықта тұрады. Сөйтіп, біз өзіміздің өркениет əлемімізде «автордың
функциясымен» ерекшеленетін бірқатар дискурстар мөлшері бар дей
аламыз. Сонымен бірге мұндай қасиеттен тыс басқа дискурстар да бар.
Жеке бір хатқа қол қойған иесі болуы мүмкін, бірақ онда автор
көрсетілмеген. Келісімшарттың кепілі болуы мүмкін, бірақ оның да авторы
жоқ. Қабырғаға ілінген иесіз жазбаның редакторы болуы ықтимал, бірақ
оның авторы болмайды. Сондықтан автор функциясы қоғамның ішіндегі
белгілі бір дискурстардың айналым, өмір сүру немесе қызмет ету тəсілі
үшін маңызды.
§
Жаңа ғана сипаттап кеткен «автор функциясын» талдайық. Автор
функциясын құрайтын дискурс біздің мəдениетімізде қалай сипатталады?
Бұл дискурс басқа дискурстардан қалай ерекшеленеді? Егер біз өз
ескертуімізді кітап, не болмаса, мəтін авторымен шектейтін болсақ, төрт
түрлі сипаттаманы бөліп алуымызға болады.
Біріншісі – дискурстар, яғни
Достарыңызбен бөлісу: