Сондықтан үйге қайтар жолда «келіссөз» жасауға бекінеді (109). Полли
өзінің опасыздығына кешіріммен қарау үшін Лорна нені құрбандыққа
шалуы керек?.. Шындығында, Лорна үйіне келгенде, Поллидің жағдайы
əлдеқайда жақсы еді. Ол өте жайбарақат, ешкімге кіріптар емес кейіпте
көрінді. Тіпті еш уайымсыз жандай «отбасының досы» Лайонелмен
əңгімелесуге кіріседі. Ал Лорна үшін жауапкершіліктен қашуға талпыныс
көлеңкелі іске жалтаруға деген мүмкіндік ретінде көрінеді (106). Лорнаның
түсінгені – басқалар оның қиялдағы өмірі мен психикалық экономикасынан
тəуелсіз өмір сүреді деген ойға саяды. Ол артқы ауладан өзінің күйеуі
Бренданға, Поллиге, Лайонелге, қызы Элизабетке, олардың үйреншікті
байланыстарына, өзгешеліктеріне, олардың бөлек екеніне, бұл сəтте
бақытты екеніне сырттай қарап тұрады. Бұл – əрі керемет, əрі қарапайым
ақиқат: «Бұл қалай болғаны?.. Көрініс сиқырлы сəттегідей өте қарапайым
əрі таңғажайып еді. Бəрі бақытты» (108).
Достарыңызбен бөлісу: