Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет32/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   369
бұл
өз кезегінде нысан 
туралы білімге құрал ретінде
қызмет атқарудың орнына, нысан туралы көрініс туындатады…
«Келі мен келсап» немесе «Қария Ник пен адам төзгісіз өңірлер»
(«Декамерон») деген құрылымдар осы өзгешелеу тəсілін «шеттету»
мысалдары. 
Сюжетті 
құру 
туралы 
мақаламда 
психологиялық
параллелизмдегі 
дефамилиризация 
жөнінде 
жаздым. 
Бұл 
жерде,
параллелизмдегі үйлесімді ортада, сəйкессіздікті қабылдау маңызды екенін
атап айттым. Параллелизмнің мақсаты жалпы образдарды құрудың мақсаты
сияқты – нысандар туралы əдеттегі түсініктерді жаңаша қабылдау аясына
өткізу, яғни бірегей мағыналық түрленім жасау.
Поэтикалық тілді фонетикалық, лексикалық тұрғыдан зерттеу барысында,
сөздердің сипаттамалық таралуы кезінде жəне көркем сөзбен кестеленіп
жазылған ойлы да салмақты мəтіндердің құрылымдарында біз көркем
белгіні, яғни қабылдаудың автоматтануын жою үшін құрылған материалды
көреміз. Автордың мақсаты – үйреншікті дағдыдан тыс қабылдаудан
шығатын елестетуді туындату. Шығарма «көркемдікке» құрылатындықтан,
оның қабылдануы қиындайды. Мейлінше күшті ықтимал əсер қабылдаудың
баяулығынан, соның салдарынан туындайды. Аталмыш кешігудің
нəтижесінде нысан кеңістікте таралу арқылы емес, былайша айтқанда,
үздіксіздік арқылы қабылданады. Осы «поэтикалық тіл» көңіл көншітіп,
жан сарайыңды ашады. Аристотельге сүйенсек, поэтикалық тіл көркем де
кестелі, ғажап əрі сұлу болуы тиіс. Ол көбінесе шеттілдік болып келеді:
ассириялықтар шумер тілін қолданды, Еуропа орта ғасыр дəуірінде латын
тілін пайдаланды, парсылықтар араб жазбасын, көне болгарлықтар орыс
тілін немесе əдеби тілге жақын мəндегі халық əндерінің тілін қолданды.
Поэтикалық тілдің жалпы архаизмі, жағымды жаңа стильдің сапырылысуы
(
dolce stil nuovo
),
5
 
Арно Даниель тілінің кедір-бұдыр мəнерінің түсініксіз
(
harte
) формаларымен бірігуі 
дыбыстың айтылуын қиындатты
, бұлар
көбінесе ұқсас жолмен қолданылды. Лев Якубинский жекелеген
жағдайлардағы ұқсас дыбыстардың қайталануы мысалында поэтикалық
тілдің фонетикалық «кедір-бұдырлығы» қағидасын көрсетіп берді.
Сонымен, поэтикалық тіл – күрделі, қатаң, оған қоса, ауырлау стиль.
Бірқатар 
айрықша 
жағдайларда 
поэтикалық 
тіл 
прозалық 
тілге
жақындайды, бірақ бұл «кедір-бұдырлы» форма қағидасын бұзбайды.
Татьяна айтсақ есімін...


Бұл атты тұңғыш қолданып,
Айқындау – дербес шешімім,
Романның нəзік жолдарын. (К.С.
*
)
деп жазды Пушкин. Пушкин замандастарының əдеттегі поэтикалық тілін
Державин өз стиліне пайдаланды. Сол тұста Пушкиннің стилі оның
замандастарына бос сөз, мағынасыз мылжың болып көрінгендіктен, оларға
күтпеген қиындық тудырды. Біз замандастарына Пушкин сөздерінің
түрпідей тигенін ұмытпауға тиіспіз. Ол қарапайым тілді, француз тіліндегі
сөздерді орыс сөздерімен аралас қолданған замандастары сияқты,
оқырмандардың назарын аудартуды жалғастыру үшін арнаулы құрылым
ретінде пайдаланды (Толстойдың 
«Соғыс жəне бейбітшілік» 
романындағы
мысалдарды 
қараңыз
).
Ендігі кезекте осы құбылысқа тəн қасиеттерді қарастыруға кірісеміз.
Орыстарға əуел баста жат көрінген əдеби орыс тілі уақыт өте келе, халық
тілімен біте қайнасып, олардың сөздеріне кірігіп кетті. Екінші жағынан,
əдебиетте аймақтық диалектілерді қолдану үрдісі байқалды (Ремизов,
Клюев, Есенин т.б.
6
талант тұрғысынан тең болмаса да, шалғай аймақтық,
жергілікті тіл ерекшелігі жағынан бір-біріне ұқсас болды яки олардың
ықпалы Северинянин тобының дамуына себеп болды
7
). Қазіргі кезде
Максим Горький өзінің стилін көне əдеби тілден Лесковтың жаңа
коллоквиализміне дейін өзгерту үстінде.
8
Қарапайым ауызекі тіл мен əдеби
тіл өздерінің орындарын алмастырды (Вячеслав Иванов пен басқалардың
еңбектерін 
қараңыз
). Ақыр аяғында, жаңа əрі дұрыс поэтикалық тіл құруды
көздеген Хлебников бастаған қуатты, ықпалды үрдіс пайда болды. Тілге
тиек етілген оқиғалардың аясында поэтиканы нəзік əрі бұралаң тіл ретінде
анықтауымызға болады. Өлең – қалыпқа түскен сөз. Проза – үнемді, оңай,
икемді, қарапайым тіл. Қара сөздің төресі сəбидің шыншыл, кіршіксіз
болмысындай. Мен кедір-бұдыр форма мен авторлық шегіністер, сюжет
құрылымы жайлы мақаламда өнердің осы жалпы заңдылығын кең ауқымда
қарастырмақпын.
9
Көркемдік қуатты үнемді қолдану идеясын жақтайтындар мен оны
ерекше бір құбылыс ретінде қарастыруды тықпалауға тырысқандардың
танымы бойынша, поэтикалық тілді қолдану, бір қарағанда, ырғақ
мəселесін шешуге икемді сияқты. Бұл орайда, Спенсердің ырғаққа берген
сипаттамасы бұлтартпастай дəлелді көрінеді:


«Дене бірнеше қайтара соққыға ұшыраған кезде, ең ауыр соққының қашан тиетінін
білмегендіктен, өзінің бұлшықеттерін ширықтырып, тастүйін дайындап тұрғанындай, адамның
миы да, кем дегенде, оңай қармалған дыбыстарды танитындай, тосын сөздерді түсіну үшін өзінің
қабылдауын белсенді қалпында ұстауы тиіс. Егер сілкіністер белгілі бір ретпен қайталанып
отырса, онда дене əрбір сілкініске төтеп беретін қарсы күшті реттей алады, яғни əрбір буын
ырғақтық тұрғыдан реттелген болса, адамның миы əр сөзді қабылдауға қажетті сəтті күтіп алып,
өз қуатын мейлінше үнемдей алады».
10
Бұл айқын бақылау ортақ қателіктің, поэтикалық жəне прозалық тіл
заңдылықтарының шатысуының зардабын тартты. «Стиль философиясы»
(
The Philosophy of Style
)
 
еңбегінде Спенсер оларды толық ажырата алмады,
алайда ырғақтың екі қызметі болады. Прозаның ырғағы немесе
«Дубинушка» сияқты жұмысшылар əнінің ырғағы еңбек ұжымына
қосылып орындау арқылы ортақ жұмысты жеңілдетуге, оның үйреншікті
дағдымен кідіріссіз орындалуына септігін тигізеді. Шын мəнісінде, бір
əуеннің ырғағымен ілесе жылжу əуен ырғағынсыз ілесе аяңдаудан гөрі
əлдеқайда жеңілірек. Ал қызу əңгіме кезінде санадан тыс, яғни елең
қылмай адымдайтындықтан тіпті оңай. Прозаның ырғағы маңызды
машықтандырушы элемент десек, ал поэзияның ырғағы өзгеше. Өнерде
белгілі бір «тəртіп» бар. Алайда грек храмының бірде-бір бағаны белгілі
бір тəртіппен орнатылмағанын ескерсек, поэзия да осыған ұқсас жүйесіз
ырғақтан тұрады.
Жүйесіздікті реттеуге қатысты шаралар жасалды əрі бұл əрекеттер ырғақ
теориясындағы күнделікті мəселенің бір бөлігі десек те болады. Іс жүзінде,
мəселе ырғақтың күрделенуінде емес, оның болжауға келмейтін
жүйесіздігінде болғандықтан, дұрыс қалыпқа түспеуі де мүмкін. Егер
ырғақты жүйесіздендіру дəстүрге айналатын болса, онда бұл тілдің сапа
тұрғысынан жақсару шарасы ретінде тиімсіз болып шығар еді. Бірақ мен
ырғақты егжей-тегжейлі талқылайын деп отырған жоқпын, себебі бұл
жайында жеке кітап жазбақ ойым бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет