Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет33/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   369
Ескертпе
1. Alexander Pogodin, 
Yazyk, kak tvorchestvo
(
Language as Art
) (Kharkov, 1913), 42-б. «
Les
montagnes de la Suisse sont belles
» алғаш рет француз тілінде ұсынылған, аты-жөні сəйкес
келеді.
2. Leo Jakubinsky, 
Sborniki
, I (1916).
3. Leo Tolstoy’s 
Diary
, entry dated February 29, 1897. (The date is transcribed incorrectly; it should
read March 1, 1897).
4. Viktor Shklovsky, 
Voskresheniye slova
(
The Resurrection of the Word
) (Petersburg, 1914).
5. Dante, 
Purgatorio
, 24:56. Данте өз замандастарының лирикалық стиліне сілтеме жасаған. –
Ауд
.
6. Романшы əрі сатирик ретінде танылған Алексей Ремизов (1877–1957), Николай Клюев
(1885–1937) жəне Сергей Есенин (1895–1925) «деревня ақындары» болған. Үшеуі де орыс
тілінің диалектісі мен тұрмыстық тілін жаңғыртуымен əйгілі. – 
Ауд.
7. Өлең жазуда бұл топ өзінің бай əрі сезімтал стилін байқатты. – 
Ауд.
8. Nicholas Leskov (1831–1895), романшы əрі əңгіме жазушы, ертегілер мен əңгімелерді
жариялауға үлес қосқан адам; нəтижесінде ертегілердегі диалектілердің ерекшеліктері үшін
орыс əдеби тілі өзгеріске ұшырады. – 
Ауд.
9. Shklovsky is probably referring to his 
Razvyortyvaniye syuzheta
(
Plot Development
, Petrograd,
1921). (Trans).
10. Herbert Spencer, 
The Philosophy of Style 
(Humboldt Library, vol. XXXIV; New York, 1882), 169-
б. Түпнұсқаға қарағанда, орыс тіліндегі мəтіні қысқартылған.


ҮШІНШІ ТАРАУ
Формалистік сын
Клинс Брукс
Клинс Брукс – әдебиетті жаңа тәсілдер арқылы тану идеясын насихаттап, оны нақтылы
тәжірибеде қолданушы. Ол 1951 жылы жарық көрген
 
«Рэритан шолуы»
 
(
The Raritan Review
)
 
атты
сыни мақаласын
 
жаңа критицизмнің мүддесі тұрғысынан жазған. Брукс «Әдеби сынның
қағидалары»
 
(
Principles of Literary Criticism, 
1924) атты еңбегі арқылы жаңа критицизмнің негізін
қалаған И.А. Ричардспен Кэмбридж университетінде бірге оқыды. Америка Құрама Штаттарына
оралғаннан кейін, Брукс «Әдебиетті зерттеу тәсілі» (
An Approach to Literature,
1936), «Сәтті
ойластырылған құмыра: поэзия құрылымы жөніндегі зерттеулер» (to 
The Well-Wrought Urn:
Studies in the Structure of Poetry,
1947) сияқты бірқатар кітаптар топтамасын жазды. Олар
америкалық академиялық ортада 1940 жылдан 1960 жылдардың соңына дейін әдеби
зерттеудің басым түрі болған 
«мұқият оқу»
тәсілінің қалыптасып, дамуына септігін тигізді.
Төменде тілге тиек етілген мақалалардан бірқатар үзінділер ұсынамын:
«Нағыз əдеби сын өз нысанының сипаттаушысы да, бағалаушысы да.
Əдеби туынды арқылы қалыптасуы да, қалыптаспауы да мүмкін тұтастық мəселесі жəне осы
тұтастықты құру мақсатындағы əртүрлі бөліктер арасындағы қарым-қатынас – сынның негізгі
арқауы. Əдеби шығармада формалды қарым-қатынастар болуы мүмкін, алайда олар логикадан
басым болуы керек.
Нəтижелі жұмыстың айғағы – форма мен мазмұнның ажырамас бірлігі.
Бұл форма мəнге ие. Əдебиет ауыспалы əрі символдық мəнді болып шығады.
Жалпы алғанда, мен əмбебаптыққа дерексіздік (абстракция) емес, нақтылық пен бірегейлік тəн
деп ойлаймын.
Əдебиет діннің орнын ауыстыра алмайды.
Əдебиеттің арқауы, Эллен Тэйт айтқандай, «нақтылы адамгершілік мəселелер». Əдеби сынның
қамтылу аясын анықтау да сынның негізгі ұстанымына жатады. Олар сыни талдауды жүргізуге
арналған əдістер бола алмайды.
Осы тұжырымдар, олардың терең де жан-жақты жетілдірілгеніне қарамастан, бұл жерде қандай
да бір тиімді мақсат үшін қолданылмайды».
Зейін қойған оқырман белгіленген сыни ұстанымның жалпы табиғатын
біліп 
алады. 
Егер 
білмеген 
болса, 
оны 
менің 
еңбектерімдегі
тұжырымдардан 
немесе 
осы 
көзқарастағы 
басқа 
сыншылардың
жазбаларынан табады. Одан басқа, осындағы ұстанымды қысқаша қайта
тұжырымдау, 
əу 
бастағыдай, 
қайтадан 
көптеген 
жаңсақтықтарды
туындатуы 
мүмкін. 
Бұл 
жағдайды 
ұдайы 
ұшырасатын 
осындай
жаңсақтықтар мен қарсылықтар үшін пайдалану əлдеқайда орынды болып
көрінетін сияқты.
Бірінші кезекте, поэтика мен романды сынның басты мəселесіне


айналдыру үшін оларды өзінің авторынан, оның өмірінен, үміттерінен,
қауіп-қатерлері мен мүдделерінен, қақтығыстарынан, күресінен т.б. бөліп
тастайтындай көрінеді. Осыншалықты шектеуге тап болған сын əсерсіз əрі
солғын болып көрінуі де ғажап емес. Бұл, негізінен, автордың идеясы мен
тұлғасын зерттеуге, жазысқан хаттары мен күнделік жазбаларына,
замандастары жазған əңгімелерге маңыз беретін кəдімгі жоғары оқу
орнының профессорына тəн. Газеттерде бос əңгімені бұрқыратуға шебер
əдеби шолушыларға да солай көрінуі əбден мүмкін. Шығармашылық
ізденіс барысында композиция мəселесіне тап болған, əрі белгілі бір
тақырыпты немесе стильді табу үшін арпалысқан жас ақынға немесе
жазушыға да солай көрінуі ықтимал.
Екіншіден, еңбекті оның нақты оқырманынан да оқшаулап бөліп алу
қажет. Бұл оқшаулау қатаң, шетін болып көрінеді. Қалай болғанда да,
əдебиет оқуға арналып жазылады. Уордсуорттың ақыны – көпшілікпен
сөйлесуші адам. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет