Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет333/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   369
Аллитерация 
(alliteration) – поэзиядағы буындардың қайталануы (өлең тармақтарының бірыңғай
дауыссыз дыбыстан басталуы. – 
Ред.).
Аллюзия 
(allusion) – əдеби шығармаға сілтеме жасау. Мысалы, Дантенің «Құдіретті
комедиясында» Інжілге сілтеме жасалады.
Апория 
(aporia) – oйдың немесе əрекеттің шешімін таппаған дилеммасы; мысалы, екі жолдың
бірін таңдау, қалай болғанда да, бір нəрсені жоғалту. Əуелде бұл термин шешендік өнерде нақты
шешімі жоқ ахуалды білдірген («Адамдардың бəрі өтірік айтады, мен де адаммын»), ал Пол де Ман
оны бейнелі тілдегі мағынаны қарапайым сөзбен ашып көрсетудің мүмкін емес екенін белгілеу үшін
қолданған.
Аппарат (диспозитив) 
(apparatus (
Dispositif
)) – Мишель Фуконың қоғамдағы билікті ұстап тұруға
қолдау көрсететін əдістер, дискурстар, институттар, заңдар, əкімшілік құрылымдар жəне т.б.
жиынтығын атау үшін пайдаланған термині.
Археология 
(archaeology). Mишель Фуко бұл терминді өз шығармаларында дискурстардың
көмескі, тереңдегі болжамдарын ашып көрсету үшін метафора ретінде пайдаланған.
Архетип 
(archetype). Қазір аз қолданылатын бұл термин мифология мен діннен таралған тозаққа
түсу немесе өліп, қайта тірілу циклдері сияқты нарративті жəне тақырыптық тізбекті əрекеттерге
қатысты.


Аффект 
(affect) – көп жағдайда адамның тікелей бақылауында бола бермейтін қозғау салу əсеріне
ағзаның өз еркінен тыс тосын жауабы. Сол себепті, аффект саналы жəне бейсаналы əрі əлдеқайда
жеңіл реттелетін эмоциядан өзгешеленеді.
Аффективті адасу 
(affective fallacy) – oқырманның эмоциялық əсері əдеби шығарманың
мағынасын береді деп ойлауға бейім тұруы. Жаңа критицизм өкілдері мағына əдеби шығарманың
өзінде болады деп санады. Сондықтан шығармадағы тіл мен образдар оқырман мен көрерменнің
эмоциялық əсерінің нəтижесі емес, əдеби талдаудың тиісті объектісі мен міндеті болып есептеледі.
Әдейі қателесу 
(intentional fallacy) – əдеби шығарманың мағынасы автордың ниетінен құралған
деген идея. Сол ниет шығармадан тыс айғақтарға сай айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет