Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет335/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   369
Әмбебаптық 
(universal). Жаңа критицизм өкілдері белгілі бір əдеби шығармалардың жер
жүзіндегі кез келген жанға жəне барлық географиялық жағдайларға қолдануға болатын əмбебап
қағидалар мен идеяларға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтады. Өзге сыншылар, əсіресе
феминистер мен этностық критицизм өкілдері мұндай «əмбебаптыққа» қарсы шығып, оны ақ нəсілді
ер адамның үстемдігіне негізделген, империялық жəне гетеросексуалдық менмендіктің симптомы
деп бағалады. Осы сыншылардың пікірінше, əмбебаптық – əмбебаптықтың жоқтығында жəне əрбір
нақты жағдай өзіне тəн бірегей сипаттарына сай қарастырылуы тиіс. Бұдан аз уақыт бұрын когнитив
жəне эволюция сыншылары эмпирикалық тұрғыдан орныққан əрі адамзатқа тəн когнитивті,
эмоциялық, биологиялық жəне эволюциялық қасиеттермен түсіндірілетін мəдениетаралық
қайталанушы нарративтер мен басқа да үлгілер бар дегенді алға тартқан еді.
Әрекетшіл желі теориясы 
(actor network theory) – əлем үнемі бір-бірімен мəміле жасайтын
агенттерден (адамдардан, сондай-ақ адамзатқа жатпайтындардан) тұрады деп есептеген Бруно
Латурдың теориясы. Олардың бірде-біреуі өздері ерекше əрі имманентті (кіріккен, орныққан) тəсілде
өмір сүретін аймақты бұзып шығатындай (трансцедентті) бірегейлікке ие емес. Бұл теория бойынша
мəдениет табиғаттан бөлек емес жəне адамның көбірек артықшылыққа ие болатындай белсенділік
(актанттар) иерархиясы жоқ.
Базис, қондырма 
(base, superstructure).
 
Марксизм теориясы бойынша, базис азық-түлік жəне
тауарлар сияқты еңбек қатынастарында қара жұмыс күшін пайдалану арқылы өндірілетін қоғамның
материалдық негізіне қатысты. Осы іргелі материалдық негіздің үстінде пайда болатын үкімет,
əлеуметтік қатынастар, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, мəдениет т.б. сияқты өмірдегі басқа
да барлық институттық, жеке жəне мəдени формалар қондырмаға жатады.
Байырғы халықтар 
(indigenous pertaining) термині еуропалықтар отарлағанға дейінгі Солтүстік
жəне Оңтүстік Американың алғашқы тұрғындары секілді ежелгі, алғашқы немесе байырғы
халықтардың өміріне қатысты айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет