Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет338/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   369
Бұралаң биология 
(non-linear biology) – биологиядағы сызықсыздық биологиялық объектілер
динамикалық тұрақты жəне толассыз өзгерудің, дамудың жəне эволюцияның ретсіз (стохастика)
процесінде болады дегенді білдіреді. Адам денесі сияқты күрделі ағзалар əртүрлі элементтер
арасындағы иерархиялық құрылымды білдіреді. Кез келген биологиялық ағза – прогресте алдын ала
болжанатын немесе нобайлана алатын көптеген мүмкіндіктері бар жиынтық (мысалы, ДНҚ).
Күрделілік қарапайымдылықтан туындайды. Өйткені қарапайым заттар бірігеді де, жаңа «ағза»
пайда болады. Мұндай құрылым симметрияны бұзады жəне термодинамикадағы секілді себептердің/
ықпалдардың дəстүрлі сызықтық моделі арқылы сипаттауға көнбейді. Биологиялық өмір əрі қарайғы
өзгеруге қауқарсыз гомологикалық тəртіптің көшірмесі емес. Жаратылыстану ғылымдарындағы
зерттеу объектілері біртекті болғаннан гөрі əртектілікке жақын. Білімнің мақсаты ағаш немесе карта
сияқты заттар бола алмайды. Бұл, жеңілдетіп айтқанның өзінде, ықтимал математикалық модель
ғана.
Болжалды оқырман 
(implied reader). Жазушы шығарманы қабылдай алуға білігі жетеді деп
санайтын белгілі бір оқырман түрін айтып отыр.
Бриколаж 
(bricolage).
 
Антрополог Клод Леви-Стросс бұл ұғымды логикалық тұжырым секілді
барынша қатаң əдістің орнына, білімді əртүрлі ұсақ бөліктерден жинастыру əдісін сипаттау үшін
ойлап тапқан.
Гегемония 
(hegemony) – мəжбүрлеу немесе күштің əсерімен емес, мектеп пен шіркеулер арқылы
жүзеге асатын «жұмсақ» күш 
(soft power)
. Италиялық марксист А.Грамшидің пікірінше, қоғамдағы
билеуші топ үстем жағдайын тікелей күшке жүгіну арқылы емес, оның орнына білім мен дін,
демократия (теңсіздікті қолдайтындарды таңдайтын), саяси механизмдер, түрмеге экономикалық
құрбандарды жабуды моральдық ұстаным көрінісі ретінде қарастыратын сот механизмдері мен
табыс теңсіздігін туындатып, қоғамдағы үстем таптарды қалыптастыратын «еркін нарық» сияқты
экономикалық механизмдер арқылы сақтап қалды. Үстемдік жүргізу күш қолданбастан, иландыру
арқылы болады, яғни білімділер мен ақылдылар өздерінің үстем екенін мойындатады.
Гейз 
(gaze). Кино теориясында бұл гетеросексуал əйелдің гетеросексуал ер қалауының
скопофилиялық (бақылауды ұнататын) объектісі саналатынын сипаттайды. Гетеросексуал əйел


гетеросексуал ер үшін бала кезіндегі анасына ұмтылу ниетінің, кастрацияға парапар үрейдің
қарымтасын толтыратын фетишке айналады. Скопофилия гетеросексуалды ерлердің кастрация
ықтималдығынан «бас тартуына», яғни сексуалды күш сезімін жоғалтуды болдырмауына мүмкіндік
береді. Оның анасына деген қалауы фетишке орын береді, бұл анасының ойсыраған орнын
толтырады да, осы фетиш экрандағы гетеросексуалды əйел бейнесі болады.
Генотип 
(genotype) – aғзаның тұқым қуалаған генетикалық құрамы. Ол ағзаның қоршаған орта
əсерінен жəне генотиптің даму барысындағы өзгерістердің нəтижесі саналатын соңғы формасы –
фенотиптен өзгеше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет