«Әдебиет теориясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


модуль Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері



бет5/12
Дата14.09.2023
өлшемі99,35 Kb.
#107692
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
« дебиет теориясы» п ніне арнал ан о у- дістемелік материалдар 2

3 модуль Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.

5-дәріс: Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.



  1. Әсемдік және ажарлылық.

  2. Асқақтық сезім сипаты.

  3. Қаһармандық туралы ұғым.

  4. Трагедиялық сезім мазмұны.

  5. Келеңсіздіктің табиғи,әлеуметтік шарттары.

  6. Күлкі және сұрқайлық.

  7. Ғылым мен әдебиет.

  8. Өнер және әдебиет.

  9. Сөздің бейнелік қызметі.

Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі.
Өнер түрінің пайда болуындағы сатылық даму. Табиғи тұрмыс-кәсіптік өмірдің алғышарт ретіндегі орны. Рулық қауым. Өнердің синкреттілік болмысы.
Кәсіптік өзгешіліктердің уақыт алмасу үрдісімен сабақтастығы. Көне гректердегі Дионис туралы миф. Қоғамдық құрылымдағы ірілену. Құдайларға табыну. Көркем би, әуен, сөздік лириканың тууы.
Көне түкі заманы. Отырықшылық пен көшпенділік. Көне жәдігерлер. «Түймекент», «Тас-Ақыр қамал» аңыздарындағы тарихи өзек. Соңғы палеолит, сақ-сармат (б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ.) өнеріндегі қиялдың ролі, табиғатпен бірлікке ұмтылыс. Мал шаруашылығы. Аңшылық. Неолит заманындағы миф. Бұғы суретіндегі көне таным.
Ай, күнге табыну. Аруаққа сыйыну, жоқтау өлеңдері. От-анаға табыну.
Әдебиет және эстетикалық категориялар.
Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымының баламасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмасы. Түр, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесім туралы сезімдердің тарихы. Әсемдік нысандары және қабылдау сезімдері. Әр дәуірдің, әр ғұламаның сұлулыққа байланысты өз ұғымдары. Әсемдік – объективті құбылыс. Өмірге эстетикалық көзқарас.
Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасы. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық. Тіршілік сәні, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі.
Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты. Әсерлілік. Отан, туған жерге сүйіспеншілік. Қозғаушы күш. Халықтық мүдде. Батырлар және қарапайым адамдардың ерлігі.
Трагедиялық сезімнің терең қуаты. Туу және бейнелену түрлері.
Асқақтықтың қаһармандықпен байланысы. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік алғышарттары. Жағымсыз әсер және күлкі табы. Сұрқиялықтың эстетикалық болмысы. Ғылым және әдебиет. Әдебиеттің образдық табиғаты. Әсерлілік. Дүниені тану тәсілдері. Әдебиет пен басқа өнер түрлерінің байланысы және өзгешеліктері. Уақыт пен кеңістікті игерудегі әдебиет туындыларының артықшылығы.
Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдері арқылы берілу ерекшелігі. Өмір құбылыстарын қамту тереңдігі мен қарымдылық. Абай және Пушкин өлеңдеріндегі тіршілік, табиғаттың мол тынысын дәл де әсерлі бедерлеу шеберлігі.
Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты.Әдебиет пен өнердің обьективті сипаты. Авторлық субъектінің қатысы. Социализм заманындағы көркем творчество. Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі. Көркем әдебиеттің объективті болмысындағы ұлттық және жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы. Ұлттық пен жалпыхалықтықтың түбірлес табиғаты. Ұлт ұғымын құрайтын шарттар.Тілдік, антропологиялық, территориялық, экономикалық факторлар. Тұрмыс-салт, дағды-машық туралы. Ұлттық психика ерекшеліктері. Көркем шығармадағы ұлттық сипат. Тақырып, объект таңдау, эстетикалық талғамдағы тың өрнектер. Бейнелеу жүйесіндегі өмірмен сабақтас детальдар. Қаламгер тұлғасының ерекшелігі.
Әдебиет пен өнердің танымдық мәні. «Тақырып» ұғымының екі түрлі мағынасы. В.Жирмунский мен Б.Томашевскийдің пікірлері. Тақырыптың үш түрлі бастауы. М.Гришманның көзқарасы. Мәңгілік тақырыптар. Тақырыптың антропологиялық аясы. Оның болмыстық қайнар көзі мен архитиптілік, мифопоэтикалық сипаттары. Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі.
Әдебиеттер: 1-12,13,14,16,18,21,22,28,33,34,35,36,37,39,43,44,50,51,53,54.

6-дәріс. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері.



  1. Таңба және көркем образ.

  2. Қаһарман типтері.

  3. Автор және шығарма.

  4. Шығарманы зерделеу.

  5. Шығарманы қабылдау.

  6. Архетип және образ.

Кейіпкер және көркем образ. Таңбалар әлемі. Таңбалар қызметі. Таңбадағы мәні. Таңбалар жүйесі. Ф.де Соссюр. Сөз-таңба. Шартты таңба. Ч.Пирс және семиотика. Көркем образдың өзгермелілігі және көп мәнділігі. Жалпы және жекенің бірлігі. Эмоционалдық пен рационалдық. Объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі.
Образ және архетип. Сана және ырықсыздық туралы К.Юнгтің ілімі. Ырықсыздықтың адам психикасындағы объективті сипаты. Ұжымдық ырықсыздық. Архаикалық тәжірибе. Архетип және психиканың даралығы. Архетип түрлері. Сарын ұғымы. А.Веселовский, В.Пропп, Е.Мелетинский пікірлері. 19-20 ғ.романдарындағы инициация (шыңдалу) рәсімінің көріністері, мифтік желілер, образдық ой салыстырулары.
Шығарманы пайымдау.
Коммуникативтік поэтиканың маңызы. Герменевтика – гуманитарлық ғылымдардың метеодологиялық негізі. Түсіну ұғымы. Сөз, өнер сөзі. Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің шарттылығы. Интерпретацияның (зерделеу) таңдамалы және шығармашылық қуаты.
Шығарманы қабылдау.
Оқырман және автор. Шығарманы зерделу. Оқырманның дербестілігі мен авторға тәуелділігі. Рецептивті эстетика. Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы. Оқырман бейнесі. Қиялдағы оқырман, адресат тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиеттің мағыналары. Беллетристика аталымы туралы. Эпигондықтың салдары.
Автор және шығарма.
Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы; 3) көркемдік қызмет субъектісі. Шығармашылық субъективтілік көріністері. Дара авторлық бастау және дәстүршілдік сана. Өнердегі артистизм, ойын элементтері. «Ойын» нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы немесе автор және скриптор. (Р.Барт)Оқырман белсенділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет