«Әдебиет теориясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет1/12
Дата14.09.2023
өлшемі99,35 Kb.
#107692
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
« дебиет теориясы» п ніне арнал ан о у- дістемелік материалдар 2





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ
құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013

ПОӘК
«Әдебиет теориясы»
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2013 жылғы
№ 3 басылым



5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті
5 В 020500 «Филология»
В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған


«Әдебиеттануға кіріспе »
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





СЕМЕЙ
2013




Мазмұны

1 Глоссарий


2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
5 Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Глоссарий

    1. Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.

    2. Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.

    3. Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.

    4. Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.

    5. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.

    6. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.

    7. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.

    8. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.

    9. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.

    10. Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.

    11. Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.

    12. Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.

    13. Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.

    14. Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

    15. Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.

    16. Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.

    17. Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

    18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

    19. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет