СөЖ Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі27,5 Kb.
#117473
  1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ - Джумабекова Т.Т.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
«Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік» факультеті
СӨЖ


Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры).
Орындаған: Джумабекова Т.Т.
Группа:
Алматы 2023
Мазмұны

КІРІСПЕ
1.Ұлы Дала аумағындағы көшпелі тұрмыстың ерекшелігі


2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы
3. Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің қалыптасуы
4. Мемлекеттік биліктің әсері және белгілері
5. Көшпелі мәдениетке Тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Ұлы Дала аумағындағы көшпелі тұрмыстың ерекшелігі
Ұлы даланың кез-келген көшпелі қоғамында негізгі мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, қалалар мен қоныстар және т.б. мәдени- шаруашылықтың бірнеше түрлері болды. Жалпы көшпелі шаруашылығы толыққанды қоғамға айналды деуге дәлелдер жеткілікті. Негізінде таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі жартылай көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да ғылыми әдебиеттердегі қолданылып жүрген «көшпелі қоғам» мен «көшпелі мемлекет» деген ұғымдардағы «көшпелі» сөзі шартты мағынаға ие. Дала өркениетінде Қазақстанның кең байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген. Түркі көшпенділер қоғамда қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың бойында жайғасқан. Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың өзара байланыстағы салаларына айналды.


2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы.
Шаруашылық, мәдени және саяси байланысКөшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі.Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. aсауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет