Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет6/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

«Айман–Шолпан» жыры
Айманның есік алдындағы Қызылқұмға жасырған байлығының саны: 500 ат, 80 інген, 15 алтын, 40 күміс табақ.


Кейіпкерлері:
Маман – Айман мен Шолпанның әкесі.


«Айман – Шолпан» жыры
«Айман – Шолпан» жырын ең алғаш жазып алып баспаға ұсынған Жүсіпбек Шайхысыламұлы. Жырдың оқиғасы негізінен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық тіршілігін, тұрмыс салтын жырлаған. Кейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері кездеседі.
Мысалы: Есет, Көтібар, Арыстан т.б. Жырдағы Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыныштығын, қауымның ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді адам ретінде көрінді. Жырдың байланысы – Маман байды шауып алы, екі қыздың пенде болуы. Жырдың дамуы Шолпанның азаттық алуы, олжа бөлісі. Жырдың шарықтау шегі – Әлібектің келуі. Жырдың шешуі – екі елдің табысып, Әлібек пен Айманның қосылуы.
Қосымша: М.Әуезовтың «Айман – Шолпан» жыры бойынша жазылған музыкалық драмасы бар. 1934 ж.


«Қыз Жібек» жыры
«Қыз Жібек» жырына өзек болған оқиға – Қыз Жібек пен Төлеген арасындағы шынайы махаббат.


Кейіпкерлері:
Қыз Жібек пен Төлеген – негізгі кейіпкерлер.
Жібек – Сырлыбай ханның қызы.
Базарбай – Төлегеннің әкесі.
Қаршыға – ханның ақылшысы, уәзірі, әрі шешен, әрі ақын қыз.
Шеге – Төлегеннің досы, ақын жігіт. Ағасы өлген Сансызбайды жұбататын, Жібек пен Сансызбайды елге алып келетін де, Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға қосатын да осы – Шеге ақын.
Бекежан – Төлегенді атып өлтірген қарақшы.
Сансызбай – Төлегеннің туған інісі.
АҢЫЗ ӘҢГІМЕ
Аңыз – тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туған шығарма. Мұнда адамдардың халық үшін еткен еңбегі, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз-әңгімелерге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелрдің кейіпкерлері:
Асан қайғы
Жиренше шешен
Алдар көсе
Қожанасыр
Қорқыт ата
Жошы хан т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет