«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – ел арасында ең көп таралған ғашықтық жыр. Оның жазылып алынған бірнеше нұсқасы бар. Ең танымалы – Жанақ ақын жинаған нұсқа. Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Жырда тұрмыс-салт жырларының үлгілері: жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау – кездеседі.
Кейіпкерлері: Қозы Көрпеш – негізгі кейіпкер. Ғашығына берілген, адал жүректі, ер жүрек, мінез-құлқы ұнамды жігіт. Айбас Қозыға Баянның ғашығын білдіргенде, жолындағы қауіптерге қарамастан, ғашығының жолына жапа шегіп, қараниет Қарабайдың қол астында азапты өмір кешіреді, тіпті өз жанын пида етеді. Қодар мен Қарабай Қозы Көрпешке у береді. Баян – негізгі кейіпкер. Ақылды, өр мінезді, ғашықтық сезімін ажалдан да жоғары қояды. Оқиға желісі осы Баян үшін болған тартыстан басталады.
Сарыбай – Баянның әкесі. Ұл бала күтіп жүрген Сарыбай Қарабайдың тілегі бойынша марал атады. Оқ тиген марал буаз екен, Қарабай жарып жібергенде, маралдың ішінен ішінен екі лақ шығады. Соған дәті шыдамаған Сарыбай дүние салады.
Қарабай – сараң, қараниетті бай.
Қодар – кекшіл, қара күштің иесі. Баянға көз салған тоқсан ерге қарсы шығып, жеңіп шығады.
Ай, Таңсық – Қарабайдың қыздары.
Тайлақ –Сарыбайдың құрдасы. Сарыбайдың өлімін түсінде көріп, әйеліне жеткізеді.
Айбас – Тайлақтың кенже інісі. Баянды іздеп жолға шығады және Баянның сөзін Қозыға жеткізеді.
Сасан би –Қарабай көшіп барған елдің биі.
Жырда кездесетін жер атаулары: Балталы, Бағаналы, Шу, Бетпақдала, Аягөз, Қызылбелбеу, Құбажон, Шұбарайғыр жорға, Мейізек тауы, Абыралы, Жалаулы, Шідерлі өзені.
Мазмұны Іздеп едім, қайнаға-ау, кез келесіз, Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз. Қайнаға-ау, көріпсіз бір перзентті Сүйіншіге, қайнаға-ау, не бересіз?