2 жасында шешеден жетім қалады, балалық шағы Баянауылда өтеді. 6 жасында хат таныған.
|
1902-1907
|
Әкесі оны ауыл молдаларына (Әлі, Тортай, Мұқан) оқытуға береді.
|
1908
|
Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде 2 жылдай оқиды.
|
1911
|
Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен сабақ алады.
|
1912
|
Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады.
|
1912-1913
|
Ақыңдыққа ден қойып, өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады.
|
1913
|
Көзі ауырып, дәрігерлер оқуға, жазуға рұқсат етпейді. Бұл аурудан оны қазақтан шыққан білгір дәрігер Әбубәкір Бірмұхамедұлы Алдияров жазады. Сонан соң Троицкі маңындағы ауылдарда бала оқытады.
|
1913
|
Күзде Троицкідегі «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?» т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.
|
1914
|
Жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады.
|
1914
|
Күзде оқу іздеп Семейге барады, бірақ діттеген оқуына түсе алмайды.
|
1915
|
«Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді.
|
1915-1916
|
Тарбағатайдағы Терісарық болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады.
|
1916
|
Сұлтанмахмұт Семейге келіп, онда байыз таба алмаған соң, Томскіге сапар шегеді. Сол қалада Әлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсына түсіп, жарты жылдай орысша білім алады. Қиыншылықта өмір сүреді. «Жұмасына екі рет «обед» етем құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. «Киноматограф», вечерлерге бір мәрте барғаным жоқ. Күндіз-түні айналдырғаным ала қағаздың беті» – деп жазатыны осы тұс.
|
1917
|
Ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялайды.
|
1918
|
Сәуірде ауруы асқынып кеткендіктен, оқуды да, жұмысты да тастап, еліне біржола оралады.
|
1918-1919
|
«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларын жазды.
|
1920
|
21 мамырында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Небәрі 27 жас өмір сүріп, дүниеден озған ақынның соңғы сөзі «Тым болмаса екі жыл тұра алмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын» болған екен.
|
«Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды.
|
Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды.
|