Ғ.Мүсрепов: «Абай» романын неше рет қайталап оқысаң, сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам».
Алғаш қазақ театр өнерінің шымылдығын Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында, киіз үйде ашқан М.Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығармалар туды. Жазушылық, ғалымдыққа қоса, Мұхтар Омарханұлы жоғарғы оқу орындарында ұстаздық етіп, дәріс оқыды.
Қырғыз халқының ұлы эпосы «Манасты» терең зерттеп, монографиялық еңбек жазған.
Қазақ әдебиетінде дрмалық шығармалардың классикалық үлгілерін тудырды. Оның көбі – трагедия. (С.Мұқанов: «Драматургия – қазақ әдебиетіндегі негізінен Әуезов тудырған жанр»)
Әңгімелері:
«Қаралы сұлу» - адамның жан-жүйесіне терең бойлаған, адамның сезім иірімдерін нәзік толғанған шығармасы.
«Өскен өркен»
«Көксерек» (негізгі идеясы: айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі керек)