1923–1926
|
Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде (рабфак) оқыды. С.Сейфуллинмен танысты.
|
1925
|
«Едіге» деген әңгімесін «Еңбекші қазақ» газетіне жариялайды.
|
1926
|
Рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында 1 жыл оқыды. Сол жылы «Әмірхан бидайығы» деген аударма кітап шығарады.
|
1927–1928
|
Щучинск қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында оқытушылық қызмет атқарды. Қабырға газетіне жазған әңгімесі кейін «Тулаған толқында» повесі болып жарияланды.
|
1934-1935
|
«Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы;
|
1937
|
Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі;
|
1937–1938
|
Қазақ зиялылары жаппай қуғын-сүргінге түскенде, Б.Майлинді жақтап: «Бейімбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», - деп айтқан. Бұл оқиғалар жайлы оның «Шұғыла» деген әңгіме-очеркінде айтылған. Бұл әңгімесі – 1932 жылғы ауыр шындықты астарлап жеткізген шығармасы. Кейіпкерлері: Сатығұл, Егізек, піркәншік Дәулетбек т.б. Мұнда ол қазақ халқына жасалған голошекиндік саясатын сұмдық көріністерін, иен далада иесіз қалған мекендер мен аштықтан өлген адамдардың тау-тау болып үйілген, көмусіз қалған сүйектерін көріп, жан шошырлық қырғынның қорқынышты суреттер қаз қалпында көрсетті.
|
1938–1955
|
Бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды.
|
1954
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасының желісін арқау ете отырып, «Махаббат туралы дастан» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды.
|
1955–1966
|
«Ара» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы;
|
1958
|
Осы жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің мүшесі болды.
|
1962
|
Бесінші сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болды
|
6 рет (6,7,8,9,10,11-сайланған) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
|
1974
|
Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
|
1974–1975
|
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
|
|