Байланысты: дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з
«Қан мен тер» трилогиясы Қазақ төңкерісі қарсаңындағы қазақ аулының, оның ішінде, Арал балықшыларының трагедиялық жағдайы, ұлттық табиғаты мен күллі адамзатқа тән арман-мұраты ерекше образдар арқылы айқын бейнеленген. Мәселен, Еламан, Тәңірберген, Ақбала, Судыр, Ахмет, Сүйеу қарт, Қарақатын, Қаратаз, Құдайменде т.б. әр түрлі кейіпкерлер арқылы әрі отаршылық, әрі әлеуметтік қыспаққа түскен қарапайым қалың елдің тыныс-тіршілігі айтылған.
«Қан мен тер» романы бойынша жасалған инсценировкасы М. Әуезов Академиялық қазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды. Шығарма авторына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.