Экспромт (лат. дайын, әсер) – ақынның ешқандай дайындықсыз шыққан ауызша немесе жазбаша аз көлемді өлең. Бұл өлеңдер әзіл-қалжың мағынасында кездеседі.
Эпопея (грек. тудыру, жазу) – бүкіл бір дәуірді кең көлемде қамтып бейнелеп суреттейтін, сан-салалы эпикалық шығарма. Мысалы, Қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін қамтып бейнелеп суреттеген көркем туынды М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.