Нақыл өлең – ғибратты, тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін өлеңдер.
Новелла (итал. – жаңалық, әңгіме) – қара сөзбен баяндалған шағын прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Ашынған ана», «Ер ана», «Ананың анасы»; С.Ерубаевтың әңгімелері жатады.
Пьеса – драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. Комедия, трагедия, драма пьеса түрінде жазылады.
Сценарий (итал. және лат. «сахна») – кинофильмнің теледидар қойылымның композициялық негізі. Сценарий – кино мен теледидардың синтетикалық сипатынан туындайды.
Теңеу – затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы,
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз. (І.Жансүгіров)
Ұйқас – өлең-жырларда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың буындарымен үйлесуі. Ұйқас түрлері:
Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а).
Шұбыртпалы ұйқас (а, а, а, а).
Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б).
Кезекті ұйқас (а, б, в, б).
Шалыс ұйқас (а, б, а, б).
Егіз ұйқас (а, а, б, б).
Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б).
Достарыңызбен бөлісу: |