Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет32/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   245
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ

(туған жылы белгісіз. 1166 ж. қайтыс болған.)



Туған жері: қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам (бұрынғы Испиджап) ауданы. Яссыда (қазіргі Түркістан) өмір сүрген.

Қызметі: ұлы ақын, пәлсапашы, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі.

5 жасында дін жолына түскен, 7 жасында Арыстан бабты іздеп тапқан.



Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым сәлам,

Осы халде мың зікірін қылдым тәмам, -

деген үзіндіде айтылғандай, Арыстан бабты рухани ұстазы әрі пір тұтқан.

1110 ж. 27 жасында Бұхараға барып, Юсуф Хамаданидан діни білім алған. Ислам дінін уағыздаушы-сопы болған.

Мен жиырма жеті жаста пірді таптым...

Мен жиырма сегіз жаста ғашық болдым...

Отыз төртте ғалым болып, дана болдым...

Отыз бесте мешіт кіріп, дәурен сүрдім...

Отыз алты жаста болдым сақып кемел...

деген «Хикмет» жолдарында Яссауидің Хамадани мектебінде «ғашық», «ғалым», «сақып кемел» сияқты мұсылман ілімі сатыларын меңгергені туралы айтылады.

1119-1120 ж.ж. Түркістанға оралады.

63 жасқа келгенде, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді жөн көрмей, соңғы өмірін жер астында – қылуетте өткізеді.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани хикмет» «Даналық кітабы» – тарихи, этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. 149 хикметтен тұрады. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. Еңбек даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады. Оларды 63–73 жас аралығында жазған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет