Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет59/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   245
Біржан сал Қожағұлұлы

(1834–1897)



Туған жері: қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Степняк қаласы.

Қызметі: ақын, әнші, композитор. Қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Руы – Керей.

Әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл – Біржанның атасы.

Біржанның алғашқы әндерінің бірі – «Біржан сал». Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді.

Әндері:



«Ләйлім-Шырақ» (жоғалған шідерді сылтауратып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толқынысы, көңіл-күйі туралы)

«Жанбота» (Азнабай болысқа, озбыршыл Жанботаларға деген ақынның ашу-ызасы жайлы)

«Адасқақ» (шонжарларға деген іштегі ыза-кегі жайлы)

«Айтбай»


«Ақтентек»

«Алтын балдақ»

«Бірлен»

«Ғашығым»

«Мәті-Дәулен»

«Жамбас сипар»

«Теміртас»

«Қарасу есік алды».


«Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» әндері заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салдың наразылығы, өкініш үні туралы.

Біржан салдың әншілік өнерін дамытушылар: Жаяу Мұса, Ақан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.

Біржан салдың бізге 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Біржанның шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа жеткізгендер: Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер.

Біржан суырыпсалма ақын болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды.

КСРО халық әртісі, сазгер М.Төлебаев Біржан мен Сараның айтысы негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан-Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі).

1982 ж. республика көлемінде композитордың 150 жылдық мерейтойы салтанатпен атап өтілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет