Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет6/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   245
ЛИРО-ЭПОСТЫҚ (ҒАШЫҚТЫҚ) ЖЫР

Ғашықтық жыр – қазақтың эпостық дастандарының бір бөлігі. Олар: «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Айман–Шолпан», «Қыз Жібек», «Сұлушаш» т.б.
Лиро-эпостық (ғашықтық) жыр мен эпостық (батырлық) жырдың айырмашылықтары

1) Ғашықтық жырдың негізгі тақырыбы – екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббаты, ал батырлық жырда батырдың ел-жұртының мүддесі үшін күресі жырланады.

2) Ғашықтық жырда рулық қарым-қатынастар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып тақырыптың негізгі арқауы етіп алынады, ал батырлық жырда бұлар маңызды рөл ойнамайды. Ғашықтық жырда ерекше орын алатын махаббат тақырыбы рулық қоғамдағы әдет-ғұрып пен көшпелі өмір қағидаларымен бірге өрбіп отырады. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында «еже-қабыл» салты (туылмаған нәрестелерін атастырып, ата-аналардың белқұда болу салты), «Айман – Шолпан» жырында барымта салты мен кек үшін қызды тұтқынға алу әрекеті, «Қыз Жібек» жырында әмеңгерлік салты негізгі арқау болған.

3) Ғашықтық жырда кейіпкерлер реалистік түрде сипатталады, яғни кейіпкерлер өздеріне тән қасиеттерімен бейнеленеді, ал батырлық жырда батырдың образы шындықтан гөрі қиялдан туындаған бейне болып суреттеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет