Iлияс Есенберлин
(1915–1983)
Туған жері: Ақмола облысы, Атбасар қаласы.
Қызметі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (16) жазған жазушы. Және де 5 поэма, 4 пьеса, 3 киносценарий жазған.
Омар Жәлел: «Iлияс Есенберлин – отаршылдық бұғауында демi тарылып, ұлтсыздықтың ұйығына шым батып бара жатқан қазақ халқының ұлттық санасының оянуына орасан зор әсер еткен жазушы. Оның тарихи романдары тұтас бiр ұрпақты оятып, ұлттық, елдiк мұрат жолында тәрбиеледi. Әрi-берiден соң, Есенберлин – қазақ ұлтының ары мен намысына айналып кеткен жазушы».
Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ілияс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды.
|
Мектепті тамамдап, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты.
|
Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті.
|
1937
|
Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше съезіне делегат болып сайланды.
|
1940
|
Институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқа жіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылып, Рига әскери-саяси училищесінде оқып, соғысқа аттанды.
|
1942
|
Қатты жарақаттанып, госпитальге түсіп, бір жылдан соң мүгедек болып елге оралды.
|
1947
|
Осы жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің аппаратында инструктор болып жұмыс істеді.
|
1949
|
Соғыс аяқталарда, 1937 жылы атылып кеткен әділет халық комиссары Хамза Жүсіпбековтің қызына үйленіп, қайныенесін АЛЖИР-ден алдырғаны үшін НКВД-ның назарына ілігіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қарақұм каналы құрылысында жарылыс жұмыстары жөнінен тау инженері болып бес жыл жұмыс істеп өтеді. Айдаудан келген соң, Қазақ КСР-ның Геология министрлігінде, кейін шахтада басқарма басшысы болып қызмет атқарады.
|
1958
|
Осы жылдан «Қазақфильм» киностудиясында редактор;
|
1962
|
Осы жылдан «Қазгослитиздат» мекемесінде редактор;
|
1967
|
Осы жылдан «Жазушы» баспасында директор;
|
1971-1975
|
Қазақстан жазушылар одағының хатшысы;
|
1983
|
Алматыда дүние салды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |