Өрт қауіпсіздік ережелері



Дата22.04.2022
өлшемі17,71 Kb.
#31948

Өрт қауіпсіздік ережелері

Тілсіз келіп, тұтқиылдан тап беретін жаулардың бірі - өрт. Соңғы кезде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өрт жағдайлары жиілеп отыр.



Өрт шыққанын білгенде: - Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз; - Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, не жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды; - Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз; - Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз; - Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады, түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүктүсіп өту керек; - Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз.

Не істеуге болмайды: - Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз; - Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді; - Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;

Зардап шеккендерге алғашқы көмек: - 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз; - Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап,  ыстық сусын беріп, жылылау керек; - Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.

Өрттің алдын алу үшін: - Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз; - Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз; От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз; - Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз: Өрт сөндірушілер – 101; Полиция – 102; Жедел жәрдем – 103; Газ апатынан құтақру қызметі – 104;

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден-бір жолы! 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет