БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
(1924–1992)
Туған жері: Алматы облысы Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданы.
Қызметі: жазушы.
Абай ат. Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты мен Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген.
Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болды.
«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» студиясында Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді.
Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастап, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының белсенді авторы болды.
1950 жылы «Бұлақ» атты өлең жинағын шығарды.
1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым – Қожа» фильмі жүлдеге ие болған.
«Бозтөбеде бір қыз бар» пьесасы, «Өлгендер қайтып келмейді» романы, «Гауһар» атты повесі т.б. жиырмаға жуық кітабы шықты.
Жазушының күрделі де көлемді туындысы – «Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967). Бұл шығармасына өзінің өмірін арқау еткен. 1974 жылы бұл романы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |