31
бірнеше жазушының бір такырыптан бір бағытта, бірақ әрқайсысы өзінше,
бірін-бірі толықтырар бірнеше идея туғызуы. Бұл өзгешеліктің түп-тамыры әр
жазушының тек өзіне ғана тән дара қасиетінде, ешкімге ұқсамайтын өзіндік
творчестволық ерекшелігінде жатыр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр
қырынан жарқыратып ашып, оған әркашан жаңа, жас мазмұн мен пішін бере
білген.
Шындық— күрделі болса, одан туған шығарма да —күрделі. Өмірдегі
оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр
алуан. Демек, бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір ғана идея болуы
шарт емес. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, әрине, солай болуы
мүмкін. Ал көлемді, кесек шығармаларда, әсіресе орта, немесе кең көлемді
эпикалық түр туындыларында бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея
болады. Бұлардың әрқайсысын өз алдына бөлек — бұтарлап әкетіп, жеке-жеке
мән, мағына беретін кездер де болады. “Рюи Блаздағы” — депті Виктор
Гюго,— философиялық тақырып — биікке ұмтылған халық; адамдық тақырып
— әйелді сүйген еркек; драмалық тақырып — ханымға ғашық малай”.
Бұл арада В. Гюго өзінің бір пьесасындағы бірнеше тақырыптың тек екеу-
үшеуін атап отыр. Осы секілді бірнеше тақырып немесе бірнеше идея көлемді
шығармалардың, көбінен кездеседі.
Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп
болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол бірлік
— идеялық бірлік. Оның өзі шығармаға арқау боп отырған шындықтан туады.
Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен-бірі тоғысып, ұштаса
жалғасып кеп, ақыр аяғында бір сағаға сарқып құяды. Осыдан келіп, оқырманда
дәл осы шығармаға деген бүтін, тұтас бір көзқарас туады да, нәтижесінде
шығармадағы орталық, өзекті мәселе айқындалады. Айталық, Пушкиннін
“Евгений Онегиніндегі” ең өзекті мәселе — ХІХ ғасырдын, 20-жылдарындағы
дворян қоғамының рухани дағдарысы. Ғ. Мүсіреповтің “Қазақ солдатындағы”
ең өзекті мәселе — совет адамдарыньң моральдық-саяси бірлігі, совет
жауынгерлерінің соғыстағы қаһармандығы; Ғ. Мұстафиннің “Миллионеріндегі”
өзекті мәселе — колхозды ауылдағы социалистік енбектін салтанаты.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың
басын бір жерге қосып, ір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені
негізгі идея дейді.
Жазушының ой өзегі әрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала
қоймайды. Осыдан келеді де әр шығармадағы авторлық және объективтік
идеялар туралы ұғым туады.
Авторлық идея – суреткердің о астағы ой өзегі; объективті идея – нақты
шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді.
Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойындағыдай
жинақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға объективтік идея кереқар
кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: