Әдебиеттануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
 
Ажарлау. Құбылту 
 
 
 
 
 
Әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болады.
Әр сөз адамның көңіл күйімен тығыз байланысты. А.П. Чеховтың 
айтуынша, «әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар». 
Интонация (латынша дауыс ырғағы, яғни әр сөздің айтылу мәнері ) - 
сөзге ажар беріп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсіл. Ол 
көркем шығарманы оқығанда ғана емес, жазу үстінде де қатты ескеріледі. 
Жазушы кейіпкерді сөйлеткенде, оның әр сөзін көңіл-күйіне лайық мәнерде 
айтқызып, оған өзі қалаған сыр ғана емес, сымбат та береді. 
Әдеби тілге дыбыс қайталаулары арқылы да ажар бітіруге болады. Бұл 
тәсіл екі түрлі: аллитерация (латынша - дыбыстас) – біріңғай дауыссыз 
дыбыстарды қайталау және ассонанс (французша – үндес) – біріңғай дауысты 
дыбыстарды қайталау. Бұл тәсілдер прозада да, поэзиялық синекдоха, 
шығармаларда да кездеседі. 
Шығарма тілін ажарлау, көріктеу үшін троп - сөздің мағынасын 
ауыстырып, өзгертіп қолдану әдісі қолданылады.
Троптың түрлері: метафора, кейіптеу, заттандыру, эпитет, перифраз, 
метонимия, теңеу, гиппербола, литота, тавтология,оксюморон, символ, т.б
(Сондай-ақ гиппербола, литота, антитеза, тавтология, оксюморон сияқты 
терминдерді де тропқа қосамыз). 
Л.И. Тимофеевтің айтуынша, троптың тілдік үш міндеті бар: 1. Танымдық 
(познавательный), 2. Даралаушылық (индивидуализирующий), 3. Жеке 
көзқарастық бағалау (субъективно-оценочный). 
Әдетте, осы үш қасиет бүкіл тілдік поэтикалық комбинациялардың 
бойынан табылып жатады. 
А.А. Потебняның осыған ұқсас бір ойы бар. Ол «Өз жадында көптеген 
поэтикалық образдар жиынтығын жинаған адам өз иелігінде ұланғайыр ойлау 
массасына ие болады. Мұны жай сандарға тигізетін алгебраның әсерімен
салыстыруға болады. Алгебралық есеп жолын меңгерген жан бұл өрнекке кез-
келген санды қойып өзіне қажетті нәтижені ала алады. Бұл процесті ойды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет