ҰМЖ тарауы
1 – бөлім: Таза мінсіз асыл сөз
|
Мектеп:
Пән мұғалімі:
|
Сынып: 5
|
Пәні: қазақ әдебиеті
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкер және шынайы өмір.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау Б/С2
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Кейіпкерлерді салыстыра отырып, мінездеме бере алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Кейіпкердің іс- әрекетін, портретін суреттей отырып, оның бағасын бере алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, бүгінгі күнмен салыстыра әдеби эссе жазады.
|
Ойлау деңгейі
|
Талдау, жинақтау , бағалау
|
Бағалау критерийі
|
Кейіпкерлерді салыстыра отырып, мінездеме бере алады.
Кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, бүгінгі күнмен салыстыра әдеби эссе жазады
|
Құндылықтарға баулу
|
Қазақстандық патриотизм, ынтымақтастық, азаматтық жауапкершілік, ашықтық , құрмет, сын тұрғысынан ойлау, білім алуға дайын болу.
|
Пәнаралық байланыс
|
«Қобыланды батыр» жыры .Тарих және жыр. Шығарманың көркемдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 5- сынып . Халық ауыз әдебиеті, қазақстан тарихы.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
Шығармадағы кейіпкерлердің іс- әрекетін бүгінгі күнмен байланыстыра суреттеп , әдеби эссе жазады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: (пәнге арналған сөздік және терминология)
Тарихи сөздер:
Қозыжауырын жебе – жебенің бір түрі; садақтың оғын жебе дейді. Қозыжауырын аталу себебі: жебе қозының жауырынынан жасалған.
Ақ алмасқа қол салды – ақ алмас: қылышты бейнелі түрде атау. Алмас – ең қатты және өткір зат.
Семсерменен серместі – семсер: қылыштың бір түрі
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Кейіпкердің іс – әрекетін бүгінгі күнмен салыстырып жазады. ( әдебиет лотосы)
Қобыланды мен Қараманның іс – әрекеттерін бағалап, мінездеме береді.
|
|