Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет27/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Постмодернизм - ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған еуропалық өнер дамуындағы тарихи кезеңнің шартты атауы. «Постмодернизм» термині алғаш Р.Ранвицтің «Еуропа мәдениетінің дағдарысы» (1914) еңбегінде кездесті. 1947 жылы (осы жыл постмодернизм дәуірінің басы деп саналады) ағылшын тарихшысы, мәдениеттанушы А.Тойбни «Тарихты зерттеу» кітабында терминге тарихи-мәдени мағына дарытты.
Модернизмдегі: жалғыздық, дәрменсіздік сарыны, пен- денің ортамен қарама-қайшылығы, дамыған қоғамның технокра- тиялық болмысынан қорқу, тұлғаның абсурдты, хаосты өмірден безінуі сынды элементтер постмодернизм поэтикасына ауысты. Трагедиялық сарын, қоғамды жатсыну, сөзге сараңдық, астарлап ишарамен сөйлеу, үкім айтудан, соңғы түйінді айтудан қашу - постмодернистік сипаттағы бүгінгі қазақ прозасына (Ә.Тарази, А.Алтай, Р.Мұқанова, Д.Амантай және т.б.) тән қасиеттердің бірі.
59.Жанр- тарихи категория. Эпикалық жанрлардың түрлері
Жанр – мазмұндық мәні тарихи тұрғыдан өзгеріске ұшы- рап отыратын категория. Жанрлар генезисін (қалыптасу үрдісін) жанрлар жүйесі дамуының ішкі заңдылықтарымен ғана түсін- діре алмаймыз. 1920 жылдары жанр мәселелері бойынша орыс ғалымдары Ю.Н.Тынянов пен М.М.Бахтиннің айтысында үлкен мән бар. Ю.Тынянов тарихи дәуірлер алмасқанда барлық жанр- лар жүйесінің де ауысатынын, жазушылар шығармашылығын- дағы жанрлық құрылымдардың даралық қасиетін жазды. Ал М.М.Бахтиннің пікірінше, әдебиет тарихы – жанрлар тарихы. Ол жанрдың тұрақты қасиетін баса айтады.
Орыс әдебиеттануында жанр мен көркемдік әдістің өзара терең байланысын айқындау басты жаңалықтардың бірі болды. «Жанр - әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады» – дейді М.М.Бахтин.
Эпика, эпос (грекше epos – сөз, әңгіме, баяндап беру) – көркем әдебиетте оқиғаны баяндап әңгімелеуге негізделген, шындықты барынша кеңінен қамтып, егжей-тегжей, жан-жақты суреттеу арқылы жеткізетін, тарихи тамырын тереңге жіберген әдебиеттің басты тегі. Эпос - күрделі, сан салалы өмір құбылыс- тарын, қат-қабат оқиғаларды шегіне жеткізе шиеленістіре бей- нелейтін, алуан түрлі адам тағдырларын, мінез-құлықтарын сан қырынан танытып, шынайы ашатын, айтар ойы ауқымды, күр- делі әрі көлемі үлкен жанр.
Мифтік аңыз-әңгімелер, фольклорлық дәстүр қазақ әде- биеті үшін қашанда сарқылмас бастау болды. Сол себепті көркем әдебиеттің даму тәжірибесінде мифтік сюжеттерді, аңыз-әңгі- мелерді әдеби шығармада қажетіне қарай пайдалану ежелден бар үрдіс. Шығыстың, қазақтың поэтикалық ойлау жүйесінде сөз зергерлерінің мифологиялық бастаулардан тірек іздеуі жиі байқалады. Аңыздардың жалпыадамзаттық мазмұны мен терең философиялық астарын алғаш ашқандардың бірі – Абай. Оның «Ескендір», «Масғұт» атты романтикалық поэмаларында алғаш рет мифологеманы батыл қолданады. Әрине, мифологизмнің терең бастауы ауыз әдебиетінің, халық поэзиясының терең қой- науларында жатыр.
Поэма (грекше poiema – жасаймын, тудырамын) – өмір құ- былыстарын кеңінен қамтитын, баяндауға немесе лирикалық сю- жетке құрылған, көлемі үлкен, өлеңмен жазылған шығарма. Поэма - қазақ әдебиетінде өркендеген, қалыптасқан, дамыған жанр. Фольклордағы эпос үлгілері: батырлық, ғашықтық жыр- лар, жыр-толғаулар, Абай дәуіріндегі шығыстық сюжеттерге не- гізделген дастандар - осы жанрға жол салған қайнар-көздер. Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», І.Жансүгіровтің, С.Сейфуллиннің поэмалары ұлттық характер қалыптастырып, қазақ әдебиетінің көркемдік қазынасын байытты.
Повесть - әңгімеден анағұрлым көлемді, романнан кіші келіп, мазмұны терең, бас қаһарманмен байланысты өмір шын- дығы кеңірек суреттелетін орта көлемді эпикалық үлгі. «Ол – көркем прозаның кіші формасынан үлкен эпикалық формасына қарай өтетін кезеңді түр».Романдағыдай шиеленіскен сюжет, көп кейіпкерлер кездесе қоймайды. Композициялық құрылымы жинақы, сюжет желісі бір арнада баяндауға құрылады.
Роман жанры. Алғашында латын тілінде емес, роман тілінде жазылған шығармалар осылай аталды. Кейіннен ХІІ ға- сырда еуропалық әдебиетте жаңа жанр – рыцарлық роман қа- лыптасты. Роман жанрының бастапқы белгілері антикалық әде- биетте байқалып, Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде нақты көрінді. В.И.Этов: «Егер әдебиет – адамтану болса, оған мұндай мағынаны ең алдымен – табиғат пен қоғам туралы шексіз білім қайнары болып табылатын роман береді»1 - дейді.
60. Реализм әдісінің ерекшелігі. Түрлері
Реализм (лат. realis – нағыз, заттай) – әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырым- дап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализмнің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңі- нен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жи- нақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз. Реалистер өнердің мақсаты өмір құбылыс- тарын шыншылдықпен бейнелеу деп біледі.
ХХ ғасырда реализм бағыттан біртіндеп көркем шығарма- шылықтың моделіне айналды. Реализм – осы аттас түрлі ба- ғыттардың (сыншыл реализм, социалистік реализм, итальяндық неореализм, латын америкалық «магиялық» реализм және т.б.) жалпы атауы. ХХ ғ. реализмнің кең өріс алған негізгі ұстаным- дары: шынайылық, психологизм, тарихилық, философиялық, де- ректілік сипаттар. Олардың әрқайсысы қазірге дейін қалыптасып, жаңа реңге ие болды.
Социалистік реализм әдеби дамудың жаңа кезеңін айқын- дады. Термин алғаш рет 1932 жылы «Әдебиет газетінде» пайда болып, 1934 жылы М.Горькийдің кеңес жазушыларының съезін- де жасаған баяндамасынан кейін тұрақты сипат алды. Осы әдіс- тің тууына негіз болған М.Горькийдің «Ана» романы басқа ел- дердің жазушыларына зор әсер етті. Социалистік реализм ұста- нымдары бойынша жазылған кеңес әдебиетінің әлемге әйгілі озық үлгілері - М.Горькийдің «Клим Самгиннің өмірі», «М.А.Шолоховтың «Тынық Дон», «Адам тағдыры», Н.А.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты», Л.М.Леонов, А.А.Фадеев, Ч.Айтматов, С.Ерубаев, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин т.б. шығармалары болды

61.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет