Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


 «Мезгіл әуендері» шығармасындағы пейзаж (О.Бөкей)



бет29/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
жауап теория

63. «Мезгіл әуендері» шығармасындағы пейзаж (О.Бөкей)
Оралхан Бөкей – жазушы, драматург, журналист. Оралхан Бөкейдің «Мезгіл әуендері» 
ал ағаштардың басы дүр сілкініп серпіле алмай, бұрынғы тәңірден нұр тілеп жайған жапырағы - (алақаны) күпсе қардың астында қатып жатса, өн бойын суық сорған сайын, сыздап қалтырайды; бұтақтары ап-ауыр қарды көтере алмай морт сынып, аса қатты суық буындырғанда, омыртқасы опырылып, өзегі көрінді; ал Күн байғұс аяз буған аспанда тұтылған ақ боз перденің ар жағынан өлімсірей жүз беріп, болар-болмас жетім сәулесін жасқана шашқан болады;
64. М.Мақатаевтың «Санаулы күн» өлеңіндегі қайталаудың түрі
Мұқағали өзінің лирикасында бір сөзді бірнеше рет қолдану арқылы өлеңнің эстетикалық-эмоциялық мәнерін, экспрессивтік бояуын әрлендіреді. Мұқағали Мақатаевтың көркемдегіш құралдардың жиі қолданғаны- айшықтаудың бірі- қайталама. 
Анафора - өлең тармақтарының бастапқы сөзінқайталаудан құралатын сөйлеу пішіні;
Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. 
Мұқағали Мақатаевтың «Санаулы күн» өлеңінде «Санаулы күн» сөзінің мағынасы өлеңнің негізгі тақырыбы. Автор өмір күндерінің санаулы екендігін сипаттап, бос күн кешпеуін ескертіп жатқандай.
 Бірінші шумақта «Санаулы» сөзінің қайталануыарқылы айшықтаудың анафора тәсілі арқылы жасалып тұр. Яғни сөздер бастапқы бөлігінде қайталанып келіп тұр.
Санаулы күн
Санаулы ай
Санаулы жыл
Келесі шумақтарға көз жүргіртер болсақ, 
Қанашама рет ауытқып,шетке кеттің
Қанша жүрек түбінен орын тептің
Қанша адамның жүзіне шуақ септің
Қаншама рет қуанып бардыңдағы
Қанша адамның алдынан жылап кеттің
Біріншіден, өлеңнің бірыңғай дауыссыз «Қ» дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Бұл аллитерация қайталаманың түрі стилистикалық тәсіл ретінде өлеңге ерекше экспрессивтік-эмоционалдық әсер береді.Екіншіден, «қанша» сөзінің сөз басында қайталанып келуі бұл- анафора болады.
Келесі, соңғы шумақтағы мына екі қатардан да қайталаудың түрін көре аламыз. 
Не жақсылық көрсетті адам саған?
Не жақсылық жасадың адам үшін?
«Не жақсылық» сөз тіркесінің қайталануы арқылы анафоралық қайталау түрі болып тұр.
Қорытындылайтын болсам, қайталау - сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айырықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше рет қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу үшін қолданылады. Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев осы әдісті пайдалана отырып, айтқысы келеген ойды қайталау арқылы жеткізді.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет