Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


 М.Жұмабаевтың «Жұлдызды – жүзік, айды - алқа ғып берейін» өлеңіндегі көркемдік бейнелеу тәсілдеріне талдау жасау



бет37/42
Дата27.11.2023
өлшемі206,29 Kb.
#129936
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
76. М.Жұмабаевтың «Жұлдызды – жүзік, айды - алқа ғып берейін» өлеңіндегі көркемдік бейнелеу тәсілдеріне талдау жасау
(ҮЗІНДІ)
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін. 
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей
Жұлдызды — жүзік, Айды алқа ғып берейін. 
Сөзің — сиқыр, есті тұман басқандай, 
Ессіз жүрек дария болып тасқандай. 
Күлкің, Күнім, күндей күміс табаққа 
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай. 
Шашың — толқын, жүрегімнің жарына 
Соғылды да, батты ұлы зарына. 
Айнам, саған арнап жырлар жазамын
Қаламымды малып жүрек қанына. 
Жұлдызды жүзік,айды алқа қып берейін -метафоора
Жібектей,басқандай,тасқандай,шашқандай,бүлдіргендей - теңеу
Мінсіз сұлу - эпитет
Шашың толқын - эпитет
Қаламымды малып жүрек қанына - метафора


77. Ә .Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романында адам психологиясын тереңдеп ашудағы көркемдік компонеттердің рөлі
Адамның сыртқы болмысы, кескін келбеті, ішкі жан дүниесінің ерекшеліктерін, мінез бітімін, қылықтары мен әдетдағдыларын, ішкі сезімін сипаттауға көркем туындыда психологизм үлкен орын алады.
«Аңыздың ақыры» романы 1971 жылы «Махаббатмұнарасы» деген атпен «Жұлдыз» журналында алғаш жарияланды . Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романында негізгі үш кейіпкердің образын олардың сана ағымындағы ойлары мен іс-әрекеті бірлігінде сомдау арқылы қазақ прозасындағы психологизмнің озық үлгісін жасайды. Роман барысында символ, деталь көптеп кездеседі. Әрбір деталь өзінің орнында үлкен көркемдік мәнге ие. «Аңыздың ақыры» романындағы басты символ – мұнара. Басты үш кейіпкерді байланыстырып тұрған да, шығарма желісін тұтастырып тұрған да осы символ. Мұнараның тілсіз кейпі Әмірші мен Кіші ханымға және Ұстаға әр қырынан қарағанда өзгеше сыр ұқтырады. Осы мұнараның салынуы мен салынып біткеннен кейінгі басты кейіпкерлерге түрлі ой салуы оқырманның өзіне ерекше ықылас танытуына себеп болады. Романда Әмірші образын автор қатал, жеңімпаз билеуші ретінде сипаттауымен қатар пенделік ішкі сырларын психологиялық талдау арқылы ашады
Жалпы роман «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры» атты төрт тараудан тұрады. Төрт тараудың атауының символдық мәні бар. Аталмыш тараулардан жазушының Әміршінің, Жаппар ұстаның және Кіші ханымның ішкі рухани жан дүниесіне жасаған. «Аңыздың ақырын» оқи отырып Әміршінің бейнесіне ерекше тоқталып өту керегін түсінеміз. Оған жазушының шығыс деспотизмін әшкерелеу арқылы сынауды, кемелдікке ұмытылып, болып-толып отырып тоқырауға ұшыраудың соңы не боларын көрсетуді мақсат еткені көзімізді жеткізе түседі. Әмірші образы күрделі образдар қатарында. Оның ел басқаруы мен Кіші ханым арасындағы нәзік байланысты сақтап қалу жолындағы істері бәрі де өз абыройын қорғаудан келіп шығады.
Роман соңында автордың жорыққа аттанып бара жатқан Әміршіге көзі көрмейтін, әрі жүдеу Жаппар ұстаны көрсетуі, өмірдің өткінші екенін меңзегендей сұқ саусағындағы жүзіктің сусып түсіп қалуы секілді детальдар қолдануы – бастауы бар дүниенің соңы болатыны, бас кейіпкерінің қорқынышының алдынан шығуы секілді ишараттарды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет