Кейіпкерлері (пішіні көркем жинақталған): Рысжан, Төлеп, Жамал, Жанбай.
Мазмұн – қаhарман өмірі, Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі ауыл өмірі.
Әңгіме сюжеті бойынша болмашы қақтығысқа бола бас кейіпкерлер Рысжан мен Төлеп ажырасады. Бірақ екеуі де бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынына көз жеткізсе де, ешбіреуі қателіктерін мойындағысы келмейді. Рысжан бой тасалап келіп, бөгде адамның үйінде тұрып жатқан Төлептің бүк түсіп жатқан халін көріп қапаланады. Көңіл күйінің құбылуына себеп – Төлептің өзіндей күй кешуі. Әрі қарай Рысжанның асқақ жаны шабыт үстіне шабыт қосып, қарапайым күйкі тірліктен адам ретінде биіктей түседі. Әңгіменің сюжеті (оқиға желісі) «Ескек жел» әңгімесіндегі образдар (портрет)
1) Рысжан – орта бойлы, толық етті, қол-аяғы жұп-жұмыр, қайратты әйел.
2) Төлеп – ұзын бойлы, дөңес мұрынды, қалың қабақты, ақшыл-сұрғылт реңді, Рысжанның көкейінен жатса, тұрса шықпайтын кескін.
3) Жанабай – қоймашы, жасы қырықтар шамасында, қалың сырмалы күпәйке-шалбар киіп жүретін тайпақ, тілімен шағатын бірбеткей адам.
Әңгіменің экспозициясы (оқиға өтетін орын, оқиғаның басталу алаңы). «Ескек жел» әңгімесі тура экспозицияға жатады. Бірден бір себеп, оқиға еш іркілмей, өзге нәрсені, құбылысты суреттеуден емес, бірден оқиға өткен орны мен бас кейіпкерді суреттеуден басталады. (Ауылда астық қоймасындағы әйелдердің жұмысы, Рысжанның тағдыры баяндалады).
Композициялық талдау
1. Сюжеттік байланыс(басталуы) – Бас кейіпкер Рысжанның күйеуімен ажырасып, астық қоймасында жұмыс жасауы. 2. Оқиғаның дамуы – Рысжанның жаңа өмір бастауға деген ұмтылысы (Құрбысы Жамал Рысжанды қонаққа шақырып, қайын інісі Селбезімен таныстыруы)