Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға сол оқушының қандай мамандық иесі болуы мүмкін екендігін жазады. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір- біріне жазылған мамандық иелерін оқып береді және өз ойындағы мамандықпен сәйкес немесе сәйкес еместігін айтады. ҚБ: Сәйкес мамандықты жазған оқушыларды мадақтау.