Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің
мағынасын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған әрекет
Ресурстар
Басталуы
(ЖЖ) Сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырып, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын жинақтау мақсатында «Қос шеңбердегі тілектер» әдісін ұйымдастыру. Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ішкі шеңбердегі оқушы мұғалім атаған сөзді қатыстырып өз жұбына тілек айтады да, оңға қарай бір қадам жылжиды. Мұғалімнің атаған келесі сөзін сыртқы шеңбердегі оқушы қатыстырып тілек айтады.
Қолданылатын сөздер: Отан, бақыт, Қайырлы таң! Мұғалім сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.