бет 22/290 Дата 06.01.2022 өлшемі 2,54 Mb. #11312
Байланысты:
Adeb Oku Metodika 4 kl Kaz basic-конвертирован (Т) «Қолдан » айдары бойынша
а) Оқушыларға «Егер бейбітшілік болса...» деп басталатын сөйлемнің бастапқы бөлігі жазылған көгершін , гүл, шар сияқты бейбітшілік символдарының суреттері беріледі. Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды үлгідегі сөйлемге ұқсатып жазады да, тақтаға іледі.
Үлгі: Егер бейбітшілік болса , ата-анамыз да аман-есен болады.
Дескрипторы: Бастапқы ойды өздерінше жалғастырады.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
Көгершінң суреті, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдары- ның суреттері
Әдібай Табылды. Қайырлы таң, балалар!
Тақырып
Өлеңнің идеясы
Ақын Ә. Табылды өлең
тақырыбы арқылы нені суреттеп жазды?
Ә. Табылды өлең арқылы нені айтқысы келді?
Мақсаты: Берілген сөйлемнің бастапқы бөлігін жалғастырып , өз ойын толық білдіреді.
Тиімділігі: Оқушылардың кез келген тақырыпта өз ойын еркін білдіре алу дағдыларын арттырады.
(Т) «Қолдан» айдары бойынша
Оқушылар өлең шумағына лайықты ұйқас сөздің орнын тауып , өлеңді құрастырады:
Отанды біз атамекен Деп аялап , атаймыз .
Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз .
Керекті сөздер: атамыз, атаймыз
Дескрипторы:
Ұйқас сөздерді табады.
Ұйқасқа негіздеп өлең құрастырады.
Мақсаты: Оқушылардың сөз мағынасын дұрыс түсініп, сөйлем құрастыруда дұрыс пайдалана білуге дағдылануларына ықпал ету.
Тиімділігі : Оқушылардың әр сөзді түсініп қолдану дағдыларын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: