Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерге түсініктеме
«Өзіңді таны»
Сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырып, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын жинақтау мақсатында «Өзіңді таны» әдісін ұйымдастыру. Оқушылар тізбектеле бірінен соң бірі өз есімдерінің алғашқы әрпінен келетін сөзбен өзіне сипаттама береді. Мысалы: Әсем – әдемі, Әлібек – әділ, ...т.б. Айтылған сипаттамалар бойынша сабақ тақырыбын болжауды ұсыну
«Мен үшін құнды» әдісі
«Мен үшін құнды» әдісі бойынша шағын топтар оқулықта берілген сөйлемдер бойынша өз ойларын айтады.
«Өрмекші» әдісі
«Өрмекші» әдісі бойынша автордың өмірі жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорына толықтырады.
Тәртібі: Сызбаны жасау «кеудеден» басталады.Содан кейін «кеудеге» сызықтар арқылы
«Мозайка» әдісі бойынша үйге берілген тапсырмадағы мәтін бойынша ең ұтымды жоспарды таңдап алып, оны жүйесіз тақтаға жазу, әр жоспарға сәйкес сурет жанына реттік сан қойып, кейіпкер немесе сюжетпортреттерін шығару.