Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет5/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290
Байланысты:
Adeb Oku Metodika 4 kl Kaz basic-конвертирован

Сабақтың құрылымы





Басталуы

  • Сергіту жаттығуы

  • Жаңа топ құрамын анықтау

  • Жұмыс ережесін келісу

  • Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда)

  • Оқу мақсатын таныстыру

  • Күтілетін нәтижені анықтау (оқушылар жаңа тақырып жөнінде не біледі, не білгісі келетіні)



Негізгі бөлім


  • Ойқозғау тапсырмалары

  • Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері)

  • Оқулықпен жұмыс (жеке, жұпта, ұжымда)

  • Тапсырмаларын орындау (жеке, жұпта, топта)

  • Қызықты тапсырма айдарында логикалық қабілетін шыңдау

  • Саралау тапсырмалары



Аяқталуы


  • Жаңа білім мен тәжірибені қолдануын бағалай алу

  • Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау

  • Рефлексия (жеке, топтық, ұжымдық)

  • Үйге тапсырма


Ескерту: мұғалім қысқамерзімді жоспарлауда ұсынылған құрылымды үлгі ретінде қолданып, әр кезеңдегі әрекеттердің орнын өзгерте алады.


Оқулықпен жұмыс істеу
ерекшеліктері




    • 4-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» пәні оқу бағдарламасының мақсат-міндеттерін толығымен жүзеге асыруға негізделген;

    • Оқулықта жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді ерекшеліктері болып табылатын

«Сындарлы оқыту теориясы», «Шиыршық қағидаты», «Іс-әрекет арқылы үйрену», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Алған білімін түрлі өмірлік жағдаятта қолдану» және

«Пәнаралық байланыс» т.б. басшылыққа алынғандығы көрініс табады;



    • Шартты белгілер және белсенді оқу әрекетіне жетелейтін айдарлар арқылы тапсырмалар ұсынылған;

    • Оқу мақсаты оқушыға бағытталып, түсінікті тілде берілген;

    • Алдыңғы білімін еске түсіру мен қолдануға арналған тапсырмалар «Есіңе түсір», «Қолдан»,

«Құра», «Кел, сөйлесейік» айдарымен беріледі;

    • Жаңа білімге көпір болуға арналған ширату жаттығулары «Пікіріңді айт», «Түсіндір»,

«Ойлан», «Әңгімеле» т.б. мазмұнда берілген;

    • Теориялық әрі жаңа ақпаратты есте сақтау үшін «Білгенге маржан», «Есіңе сақта»,

«Түсіндірме», «Сөздік», «Теориялық мәтін» айдарларымен беріледі;

    • Оқылым дағдысын дамыту үшін «Түсініп оқы», «Зерттеп оқы», «Тауып оқы», «Өзгертіп оқы», «Мәнерлеп оқы», «Жаңылмай оқы», «Рөлге бөліп оқы», «Түртіп алып оқы» т.б. оқу түрлері қолданылады;

    • Мазмұнды түсіну «Талдау жаса», «Салыстыр», «Дәлелде», «Анықта», «Орында» т.б. айдармен берілген тапсырмалар арқылы жүзеге асады;

    • Игерген білімін қолдану үшін «Түсіндір», «Кестемен жұмыс», «Қолдан», «Құрастыр»,

«Жарнамала», «Постер жасаңдар», «Жоба жаса», «Жеке, жұптық, топтық жұмыс», «Ізден, сұра», «Сахнала» т.б. тапсырмалар арқылы орындалады;

    • Жаңа білімі мен жетістігіне рефлексия жасау үшін «Қорытындыла», «Тұжырым жаса»,

«Бағала» сынды айдарлар берілді;

    • Сыни ойлауды дамыту үшін «Ойлануға арналған сұрақтар», «Болжам жаса», «Өзгерт»,

«Дәлел келтір», «Мысал келтір», «Ойыңмен бөліс», «Талда», «Салыстыр», «Бағала» айдарымен тапсырмалар ұсынылады;

    • Оқулықта оқушының зерттеу дағдысын дамытуға мейлінше көңіл бөлінген;

    • Әр тақырып мазмұнын терең түсініп, талдау жасау үшін жоғарғы деңгейдегі ашық сұрақтар беріледі;

    • Баланың зияткерлігін дамыту мақсатында тапсырмалар жаратылыстану, музыка, көркем еңбек, қазақ тілі, би өнері, АКТ т.б. пәндермен байланыстырылып берілді;

    • Оқу тапсырмалары мен үй тапсырмаларын орындау балаларға қызықты болуы әрі жалықтырмас үшін түрлендіріліп берілді;

    • Бірнеше тапсырмаларды берген себебіміз, сыныпта қабілеттері әртүрлі балалар болатындықтан, күрделі тапсырмаларды саралау тапсырмасы ретінде кіріктірдік;

    • Оқушылардың белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін таңдалған мәтіндер, аңыз- әңгімелер, өлеңдер, ертегілер, энциклопедиялардан алынған мәтіндер, аудармалар, мақалалар т.б. кәсіби талғампаздықпен іріктеліп, қолданылды;

    • ХХІ ғасырдағы қазақ балалары өзінің ауыз әдебиетінің бай мұрасымен жан-жақты сусындап қана қоймай, әлем әдебиеті шығармаларымен де танысуы үшін құнды материалдарды іздеп, кіріктіру басты міндетіміз болды;

    • Оқу тапсырмалары Блум таксономиясының жоғары танымдық деңгейлеріне сай құрастырылды;

    • Мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне талдау жасап, баға беруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар сын тұрғысынан ойлауды дамыту мен келешектегі өміріне қажетті тәжірибе жинақтап, өзіне тәлім-тәрбие алатындай тұжырым жасауға арналды.

    • «Жасау және жобалау» дағдысы бастауыш білім стандартында қалыптасуы тиіс кең ауқымды дағдылардың бірі болғандықтан, жаңаны ойлап табуға арналған тапсырмалар да кеңінен кіріктірілді.

    • Оқулықтағы әр тақырып мазмұны қысқамерзімді жоспардың негізгі үш кезеңіне сай құрылды. Яғни, мұғалім оқытуда тапсырмалардың ретін сақтайтын болса, оқушы өз бетімен оқу мақсатына қол жеткізе алады деген сенімдеміз.

    • Оқулық мазмұнымен сәйкес, оны әрі қарай толықтыра түсетін екі жартыжылдыққа арналған №1, 2 жұмыс дәптерлері дайындалды. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқу мақсаттары бойынша оқушының жеке білімін бекітіп, тексеруге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет